Бүгін еліміз үшін тарихи маңызы бар саяси науқан – республикалық референдумға Түркістан қаласына жақында ғана қоныс аударған танымал әнші Төреғали Төрәлі де қатысып, өз таңдауын жасады, деп жазады Ertenmedia.kz.
Әнші өз дауысын беру арқылы Қазақстанның болашағына бейжай қарамайтынын көрсетті. Сонымен қатар ол тұрғындарды қоғамдағы маңызды саяси оқиғаларға белсенді араласуға шақырып, әрбір азаматтың дауысы ел болашағы үшін маңызды екенін айтты.
– Ел дамуы бәріміздің ортақ мақсатымыз. Сондықтан да бүгінгі референдумға қатысып, өз таңдауымды жасадым. Мұндай маңызды күнде әрбір азаматтың пікірі ескерілуі тиіс деп ойлаймын. Елдің жарқын болашағы сіз бен біздің қолымызда, – деді Төреғали Төрәлі.
Айта кетейік, бүгін Түркістан қаласында өтіп жатқан референдумда тұрғындардың белсенділігі жоғары. Қала халқы таңнан бастап учаскелерге келіп, өз таңдауларын жасап, белсенді азаматтық ұстаным танытуда.
Қанның қалыпты сұйықтық деңгейінде болуы, адам ағзасының дұрыс жұмыс істеуі үшін аса маңызды. Сол себепті күніне 1,5-2 литр сұйықтық тұтыну қажет.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







