Бүгін Маңғыстау облысында өткен республикалық референдумға ерекше есімді егіздердің ата-анасы да қатысты. Ұлдарына Қасым және Жомарт деген есім берген ерлі-зайыпты азаматтық борышын орындау үшін сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасады, деп жазады Ertenmedia.kz.
Олардың айтуынша, референдумға қатысу – әрбір азаматтың парызы. Себебі бүгін қабылданатын шешімдер ел болашағына, мемлекетіміздің дамуы мен келешек ұрпақтың әл-ауқатына тікелей әсер етеді.
Қасым мен Жомарт есімдері жұртшылықтың ерекше назарын аударып, бұл отбасының азаматтық белсенділігіне символдық мән берді. Ерлі-зайыптылар балаларының бойына отаншылдық сезімді, ұлттық құндылықтарға құрмет пен азаматтық жауапкершілікті жастайынан сіңіріп келе жатқанын атап өтті.
Аймақтағы өзге де тұрғындар сайлау учаскелеріне белсенді келіп, ел өміріндегі маңызды саяси науқанға үлкен жауапкершілікпен қатысуда. Әсіресе, балаларымен бірге келген отбасылардың белсенділігі, жастар мен аға буынның ынтымағы қоғамдағы ұрпақтар сабақтастығының көрінісі болып табылады.
Маңғыстаулықтардың бұл қадамы ел азаматтарының қоғамдық-саяси үдерістерге бейжай қарамайтынын, мемлекет болашағы үшін әрбір дауыс маңызды екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Қанның қалыпты сұйықтық деңгейінде болуы, адам ағзасының дұрыс жұмыс істеуі үшін аса маңызды. Сол себепті күніне 1,5-2 литр сұйықтық тұтыну қажет.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







