Бүгін елімізде өтіп жатқан республикалық референдумға Түркістан облысы Келес ауданындағы ауыл шаруашылығы саласының өкілдері ерекше белсенділік танытып отыр, деп жазады Ertenmedia.kz.
Бірлесу ауылдық округіндегі шаруа қожалықтарының төрағалары өздері тіркелген референдум учаскелеріне барып, ел болашағына қатысты маңызды саяси шешімге өз дауыстарын беруде.
Шаруалар бұл науқанның маңыздылығына тоқталып, халықтың саяси өміріне белсенді қатысуы әр азаматтың борышы екенін атап өтті.
«Бірлік» шаруа қожалығының төрағасы өз таңдауын жасаған соң:
– Бүгінгі референдум әр азаматтың ел алдындағы жауапкершілігін сезінетін күн. Мен шаруа ретінде ел экономикасына ауыл шаруашылығы саласы үлкен үлес қосып отырғанын жақсы білемін. Сол себепті ауылдағы еңбеккерлер ел дамуына әсер ететін шешімдерден шет қалмауы тиіс. Әр азаматтың дауысы еліміздің тұрақтылығы мен жарқын болашағына қосылған үлес деп есептеймін. Біздің бүгінгі таңдауымыз – ертеңгі ұрпақ үшін жасалған қадам, – деп пікір білдірді.
Айта кетейік, Келес ауданында жалпы халық саны 131 093 адамды құраса, оның ішінде 69 812 тұрғын дауыс беру құқығына ие. Дәл қазір аудан тұрғындары өз таңдауын жасап, азаматтық жауапкершіліктің жоғары үлгісін көрсетуде. Дауыс беру учаскелері кешкі сағат 20:00-ге дейін жұмыс істейді.
Айтқандай жақында Cybertruck бағасын $59,990 деп белгіледі. Жаңа модель ең қолжетімді нұсқа.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







