Түркістан облысы демографиялық өсім көрсеткішінен республикада алға шықты, деп жазады Ertenmedia.kz.
Ұлттық статистика бюросының деректеріне сүйенсек, былтыр Қазақстанда дүниеге келген сәбилер саны 335 мыңнан асты. Жаңа туған нәрестелердің 51,5 пайызы ұл болса, 48,5 пайызы – қыз.
Елдегі туу көрсеткіші жағынан Түркістан облысы көш бастады. Мұнда әрбір мың тұрғынға шаққанда 22,22 сәби дүниеге келіп, бір жыл ішінде облыста туған балалар саны 45 мыңнан асқан. Жоғары көрсеткіштер бойынша Маңғыстау облысы (21,40) және Шымкент қаласы (21,76) да алдыңғы үштікке енді.
Туған сәбилердің негізгі үлесі 25-29 жас аралығындағы әйелдерге тиесілі, олардың көрсеткіші – 27 пайыз. Ал 30-34 жас аралығындағы әйелдердің үлесі 26,1 пайызды құрады.
20 жасқа дейінгі аналар былтыр жалпы республика бойынша 10,4 мың баланы дүниеге әкелген. Бұл көрсеткіш бойынша Түркістан облысы алда тұр. Ал 50 жастан асқан аналар жалпы 148 баланы өмірге әкелсе, олардың көбі Алматы қаласында тіркелді.
Сонымен қатар, былтыр туған сәбилердің 24 пайызы (79,8 мың сәби) өз отбасында тұңғыш бала болса, төртінші бала болып дүниеге келгендер саны 53,5 мыңнан асып отыр, олардың үлесі – жалпы көрсеткіштің 16 пайызына тең.
Көз дәрігерлері көздің саулығын сақтап, көру қабілетін жақсарту үшін қажетті дәрумендер мен микроэлементтер туралы тілшілерімізге айтып берді.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







