Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және заң мен тәртіпті нығайтуға қосқан үлесі үшін бірқатар азаматты мемлекеттік наградамен марапаттады, деп жазады Ertenmedia.kz.
Марапатталғандардың қатарында Маңғыстау өңірінің қоғам қайраткерлері де бар. Атап айтқанда, Маңғыстау облыстық мәслихатының төрағасы Жаңбырбай Матаев пен облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Бекмұрат Жүсіпов «Парасат» орденіне ие болды.
Марапат мемлекеттік басқару жүйесінде, қоғамдық қызметте және өңірдің дамуына қосылған нақты еңбектің бағасы. Екі азамат та ұзақ жылдар бойы аймақтың әлеуметтік мәселелерін шешуге, қоғамдық диалогты дамытуға және жергілікті басқару сапасын арттыруға атсалысып келеді.

Маңғыстау өңірінде соңғы жылдары инфрақұрылым, инвестиция және әлеуметтік бағыттағы жобалар жүйелі түрде іске асып жатыр. Осындай процестерде жергілікті өкілдік және қоғамдық институттардың рөлі айқын көрініп отыр.
«Парасат» ордені – ел дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарға берілетін жоғары мемлекеттік наградалардың бірі. Бұл марапат қоғам алдындағы жауапкершілік пен еңбектің нақты көрсеткіші саналады.
Алматыда Наурыз мерекесі қарсаңында ерекше оқиға болды: Almaty Arena-да 11 мыңнан астам жас домбырашы қатысқан ірі флешмоб өтті.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







