Бүгін әрбір әрекетке байыппен қарау маңызды. Сөзге, қаржыға және эмоцияға мұқият болу керек, деп жазады Ertenmedia.kz.
Тоқты
Бүгін мансапта маңызды кезең басталады. Жауапкершілік танытып, кәсіби деңгейіңді көрсету қажет. Уәдеңде тұрып, тәртіпті сақта – бұл сенің келесі сатыға өтуіңе жол ашады.
Торпақ
Ішкі сезімдерің күшейеді. Оларды жасырып қалудың қажеті жоқ. Жақын адаммен ашық сөйлесу жеңілдік береді.
Егіздер
Қоршаған ортаңа қайта көз жүгірт. Кімге сенуге болатынын анықта. Шынайы қарым-қатынас орнату үшін өзің де уақыт пен күш жұмсауға дайын бол.
Шаян
Бүгін басты мақсаттан ауытқыма. Жоспарды нақтылап, артық нәрсеге алаңдама. Маңызды әңгіме болуы мүмкін – өзіңді сенімді ұста.
Арыстан
Өміріңді жақсартуға бағытталған қадам жасауға қолайлы күн. Білім, сапар немесе жаңа мүмкіндіктерді қарастыр. Өзіңді шектеме.
Бикеш
Бүгін асықпай әрекет ет. Әрбір ақпаратты тексер. Интуицияға сен, сырт көзге көрінбейтін жайттарға мән бер.
Таразы
Қарым-қатынаста маңызды өзгеріс болуы мүмкін. Бұл – сенімді арттыруға мүмкіндік. Күмән болса, асығыс шешім қабылдама.
Сарышаян
Ұсақ-түйекке байланып қалма. Мінсіздікке ұмтылу кейде алға жылжуға кедергі болады. Бастысы – істі аяқтау.
Мерген
Эмоцияны бақылауда ұста. Ойыңды жеткізгенде абай бол. Алдымен жағдайды бағалап, содан кейін әрекет ет.
Тауешкі
Жеке шекараны сақта. Барлығын ашып айту міндет емес. Сенімді адамдармен ғана бөліс.
Суқұйғыш
Өсек пен артық әңгімеден аулақ бол. Бұл беделіңе әсер етуі мүмкін. Кейде үндемей қалған дұрыс.
Балық
Қаржыны бақылауда ұста. Артық шығынға жол берме. Жұмыста өзіңді көрсетуге мүмкіндік бар – жауапкершілік таныт.
Ирандағы мұнай зауыттарында болған жарылыстардан кейін атмосфераға улы заттардың таралуы туралы ақпарат күшейді. Мұндай ластану салдары қышқыл жауынға (acid rain) әкеліп, оның әсері Орталық Азияға дейін жететінін айта бастады. Бұл құбылыстың біз үшін табиғатын, оның қаупін және ықтимал салдарын түсіну маңызды.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







