Түркістан облысының туристік әлеуетін халықаралық деңгейде таныту мақсатында қытайлық танымал блогер Тао Минсю (taotaoaima) Наурыз мерекесі қарсаңында өңірге арнайы сапармен келеді. Instagram желісінде 2,8 миллионнан астам жазылушысы бар танымал блогер Түркістанның тарихи және заманауи көрікті орындарын әлемдік аудиторияға көрсетеді, деп жазады Ertenmedia.kz.
Сапар барысында блогер «Әзірет Сұлтан» тарихи-мәдени қорық-музейіне барып, қазақ халқының рухани құндылықтарымен танысады. Сондай-ақ, шығыс стилінде салынған заманауи «Керуен сарай» туристік кешенін аралап, өңірдің қазіргі инфрақұрылымын көріп қайтуды жоспарлап отыр.
Бағдарламада Отырар қалашығы сияқты ежелгі өркениет орталығына да арнайы бару қарастырылған. Бұл арқылы блогер тарихи орындарды аралап, қазақ тарихының тереңдігі мен байлығын сезіну мүмкіндігіне ие болады.
Сапар аясында Тао Минсю Түркістан облысының көрікті жерлері, ұлттық мәдениеті және дәстүрлері туралы арнайы бейне және фото материалдар дайындайды. Кейін оларды өзінің әлеуметтік желідегі парақшаларында жариялай отырып, өңірдің туристік тартымдылығын әлемге кеңінен насихаттайды.
Бұл өңірдегі туристік саланы дамытуға және шетелдік туристер санын арттыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Түркістан облысына саяхаттаған туристер саны 500 мыңнан асып, алдыңғы жылмен салыстырғанда 15,9%-ға өсті. Сондай-ақ тарихи орындарға саяхаттағандардың саны 1 миллионнан асып, өткен жылға қарағанда 13%-ға артқан.
Түркістан облысының халықаралық деңгейдегі туристік танымалдығын арттыруға бағытталған бұл бастама өңірдің дамуына жаңа серпін бермек.
Үйдегі интернеттің баяулауы көп жағдайда бір ғана себептен болмайды. Видеоның тұрып қалуы, сайттардың баяу ашылуы немесе байланыс үзіліп кетуі әртүрлі факторлардың белгісі болуы мүмкін.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







