Алматы қаласында Отбасын қолдау орталығы қиын жағдайға тап болған азаматтар мен отбасыларға кешенді көмек көрсетуді жүйелі түрде жалғастырып келеді, деп жазады Ertenmedia.kz.
Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте орталық директорының міндетін атқарушы Ақмолжан Зарипов мекеме жұмысының нәтижелерімен таныстырды. Оның айтуынша, орталық әлеуметтік қолдау жүйесінің маңызды буынына айналған.
– Біздің мақсат тек мәселені шешу емес, оның алдын алу. Біз түрлі мекемелермен бірлесе жұмыс істеп, отбасыларды жағдайы толық тұрақталғанша сүйемелдейміз, – деді спикер.
2025 жылы орталыққа 1341 өтініш келіп түсіп, оның 1283-і толық орындалған. Осы кезеңде 1566 мемлекеттік қолдау шарасы көрсетілген. Мамандар 527 психологиялық және 325 заңгерлік кеңес берген. Ал 2026 жылдың басынан бері орталық қызметімен 302 адам қамтылды. Оларға психологиялық, құқықтық және әлеуметтік көмек ұсынылған.
Көшпелі жұмыстар да маңызды бағыттардың бірі. Қалада білім беру, денсаулық сақтау және құқық қорғау саласының өкілдерінен құралған мобильді топтар жұмыс істейді. Былтыр олар 146 рет отбасыларға барып, нақты көмек көрсеткен.
– Мобильді топтар жедел әрекет етуге мүмкіндік береді. Әр отбасы бойынша бір жылға дейін жеке сүйемелдеу жоспары әзірленеді, – деді Ақмолжан Зарипов.
Орталық цифрландыру бағытында да жұмыс жүргізуде. FSM Social интеграцияланған жүйесі енгізіліп, 3641 маман арнайы оқытудан өткен. Бұл жүйе түрлі мекемелердің өзара байланысын күшейтіп, қиын жағдайдағы отбасыларды дер кезінде анықтауға мүмкіндік берген.
Сонымен қатар, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары да күшейтілген. Қалада зорлық-зомбылықтың, буллингтің, сталкингтің және мәжбүрлі некенің алдын алу бойынша дәрістер мен тренингтер ұйымдастырылған.
Орталық алдағы уақытта да әлеуметтік қолайсыздықтың алдын алу, мәселелерді ерте анықтау және халыққа көрсетілетін көмектің қолжетімділігін арттыру бағытындағы жұмыстарды жалғастырады.
Үйдегі интернеттің баяулауы көп жағдайда бір ғана себептен болмайды. Видеоның тұрып қалуы, сайттардың баяу ашылуы немесе байланыс үзіліп кетуі әртүрлі факторлардың белгісі болуы мүмкін.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







