Қазақстанда көктем біртіндеп өз күшіне еніп келеді. Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері ауа температурасы күндіз жоғарылап, тұрақты жылылық орнай бастайды, деп жазады Ertenmedia.kz.
Астана
Астана қаласында 18 наурыз күні құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі, жауын-шашын болмайды. Түнде және таңертең тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болуы мүмкін. Желдің жылдамдығы 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде -7…-9 градус, күндіз +3…+5 градус.
19 наурызда да жауын-шашынсыз, құбылмалы бұлтты ауа райы сақталады. Жел солтүстік-батыстан соғады. Түнде -5…-7 градус, күндіз +3…+5 градус.
20 наурызда ауа температурасы біршама көтеріледі. Түнде -2…-4 градус, күндіз +5…+7 градусқа дейін жетеді. Жел әлсіз болады.
Алматы
Алматы қаласында 18 наурызда құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі, жауын-шашын болмайды. Түнде және таңертең тұман болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде +1…+3 градус, күндіз +11…+13 градус.
19 наурызда да тұман сақталып, күндізгі температура +13…+15 градусқа дейін көтеріледі. Жел 3-8 м/с.
20 наурызда Алматыда ауа райы одан әрі жылынып, күндіз +14…+16 градусқа дейін жетеді. Түнде +3…+5 градус шамасында болады.
Жалпы синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде күндізгі температура біртіндеп артады. Батыс өңірлерде +10…+15 градусқа дейін, оңтүстікте +15…+20 градусқа дейін жылынады. Солтүстік пен шығыста да +3…+8 градус аралығында көктемгі жылылық байқалады.
Айтқандай, Ирандағы мұнай зауыттарында болған жарылыстардан кейін атмосфераға улы заттардың таралуы туралы ақпарат күшейді. Мұндай ластану салдары қышқыл жауынға (acid rain) әкеліп, оның әсері Орталық Азияға дейін жететінін айта бастады. Бұл құбылыстың біз үшін табиғатын, оның қаупін және ықтимал салдарын түсіну маңызды.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







