20 наурыз Ұлттық спорт күні. Бұл күн халқымыздың бай мұрасын, күш пен ептілікке негізделген дәстүрлі ойындардың маңызын айшықтайтын ерекше мереке, деп жазады Ertenmedia.kz.
Қазақ халқы ежелден әрбір мерекені жарыссыз елестетпеген. Бәйге, көкпар, аударыспақ, жамбы ату, теңге ілу, құсбегілік секілді ойындар тек бәсеке емес, көшпелі өмір салтының ажырамас бөлігі болған. Ал тоғызқұмалақ, асық ату, садақ ату сияқты ойындар ұрпақ тәрбиесінің маңызды құралына айналған.
Ұлттық спорт тек физикалық дайындық емес. Оның астарында төзімділік, батылдық, жауапкершілік және жақынға тірек болу сияқты қасиеттер жатыр. Ұлы Далада бұл қасиеттер өмір сүрудің негізгі шарты саналған.
Бүгінде Наурыз мерекесі ұлттық спорт түрлерінің қайта жаңғыруына жол ашып отыр. Бұл ойындар арқылы жастар салауатты өмір салтын ұстанып қана қоймай, өз тамырын, тарихын тереңірек түсінеді.

Ұлттық спорт күні аясында еліміздің әр өңірінде түрлі жарыстар мен турнирлер ұйымдастырылып, көпшілікке дәстүрлі ойындар ұсынылады. Бұл – халықтың мәдениеті мен рухын танытатын ерекше алаң.
Осындай бастамалар арқылы ұлттық ойындарға деген қызығушылық артып, жастар шымырлыққа, шыдамдылыққа және шеберлікке баулынады. Сонымен қатар бұл рухани жаңғырудың да бір көрінісі. Ұлттық спорт – өткеннің мұрасы ғана емес, бүгінгі қоғамның да тірі құндылығы.
Мереке қарсаңында халық жаппай азық-түлік сатып алып, жәрмеңкелер ұйымдастырылып, мектептер мен балабақшаларға тағам апару дәстүрі де күшейеді. Осындай кезеңде уланып қалмаңыз.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







