86 жасында америкалық актер, жекпе-жек шебері Чак Норрис қайтыс болды. Қаралы хабарды оның отбасы әлеуметтік желі арқылы жариялады, деп жазады Ertenmedia.kz.
Жақындарының айтуынша, актер соңғы уақытта ауруханаға түскен. Олар оған қолдау көрсеткен барша жанға алғыс білдіріп, отбасының жеке өміріне құрметпен қарауды сұрады.
Чак Норрис 1940 жылы 10 наурызда АҚШ-та дүниеге келген. Ол алғашында каратэ нұсқаушысы ретінде танылып, жекпе-жек өнерінде үлкен жетістіктерге жеткен. Бірнеше мәрте чемпион атанып, өзінің жекпе-жек мектептерін ашқан.
Кейін кино саласына келіп, 1970-жылдардан бастап кеңінен танымал бола бастады. Ол ойнаған фильмдерде әділдік үшін күресетін, мықты әрі қайсар кейіпкерлер бейнесін сомдады.
Әсіресе «Крутой Уокер» телехикаясы арқылы оның есімі әлемге кеңінен тарады. Бұл жоба Чак Норристі батырлық пен әділдіктің символына айналдырды.
Уақыт өте келе актер интернет мәдениетінде де ерекше феноменге айналды. «Чак Норрис туралы фактілер» әзілдері арқылы ол күш пен ерік-жігердің символы ретінде қабылданды. Чак Норрис тек актер емес, тұтас дәуірдің бейнесіне айналған тұлға.
Көз дәрігерлері көздің саулығын сақтап, көру қабілетін жақсарту үшін қажетті дәрумендер мен микроэлементтер туралы тілшілерімізге айтып берді.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







