Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ұлыстың ұлы күні – әз-Наурыз мейрамымен құттықтады. Президент өз құттықтауында бұл мерекенің терең мағынасына тоқталды, деп жазады Ertenmedia.kz.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Наурыз тек табиғаттың жаңаруы емес, адамның ішкі дүниесінің де тазару кезеңі. Ойдың, ниеттің, сананың тазалығы – бұл мерекенің басты мәні.
Президент «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасына да ерекше назар аударды. Оның сөзінше, бұл жоба қоғамда нақты өзгерістерге жол ашып, әсіресе жастар тарапынан кең қолдау тапқан.
«Тазалық – жай сөз емес, ол нақты іс арқылы көрінетін қасиетке айналып келеді», – деді Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар Президент бұл бастаманың уақытша акция емес, елдің тұрақты идеологиясына айналуы керектігін атап өтті. Оның пікірінше, тазалық мәдениеті ұлт болмысының бір бөлігі болуы тиіс.
Қасым-Жомарт Тоқаев Наурыз мейрамында айтылған тілектердің де маңызы ерекше екенін жеткізді. Бұл – ел мен жер жаңарып жатқан кезеңдегі символдық сәт.
Президент қазақстандықтарға амандық, тыныштық тілеп, ел бірлігінің маңызын атап өтті.
«Қазақстан Республикасы мәңгі жасасын, Ата заңымыз өз тұғырынан түспесін, Туымыз биікте желбіресін», – деді ол. Құттықтау соңында Мемлекет басшысы халыққа береке мен молшылық тіледі.
Қазақ ұлттық университетінде ғылыми қауымдастықпен кездесу өткізген президент Тоқаев еліміздегі ғылыми жобалардың пайда әкелмей отырғанын сынға алды.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







