Қазақстан аумағында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы сипат алып, бірқатар өңірде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ пен тұман түседі, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Синоптиктердің болжамынша, еліміздің батысы мен солтүстігінде белсенді циклондар екпіні байқалады. Тек Қызылорда облысы төңірегінде негізінен жауын-шашынсыз қоңыр салқын ауа райы сақталмақ.
«Республика аумағының басым бөлігінде жауын-шашын, көктайғақ, екпінді жел мен тұман күтіледі. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жолдарда барынша сақ болғаны жөн», – деп ескертті «Қазгидромет» мамандары.
Республикалық маңызы бар үш қала бойынша ауа райы
Астана қаласында күн бұлтты болады. Түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін, жауын-шашын күтілмейді. Жел оңтүстік-батыстан секундына 3–8 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде -1…-3 градус, күндіз 0…+2 градус шамасында болады.
Алматы қаласында түнде қар жаууы ықтимал, күндіз жауын-шашын саябырсиды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 3–8 м/с құрайды. Сынап бағанасы түнде -5…-7 градусқа дейін суытып, күндіз +2…+4 градусқа дейін жылынады.
Шымкент қаласында ауа райы көшпелі бұлтты, күндіз жаңбыр жаууы мүмкін. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 8–13 м/с болады. Түнгі ауа температурасы +1…+3 градус, күндіз +10…+12 градусқа дейін көтеріледі.
Солтүстік және орталық өңірлер
Ақмола облысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Түнде қар ұшқындап, сынап бағанасы -2…-7 градусты көрсетеді, күндіз 0…+3 градус жылы болады.
Қостанай облысында тұман мен көктайғақ байқалады. Түнде температура -1…-6 градус, күндіз -1…+4 градус аралығында құбылады.
Солтүстік Қазақстан облысында жаяу бұрқасын соғып, тұман күтіледі. Түнгі ауа температурасы -3…-8 градус, күндіз -2…+3 градус болады.
Павлодар облысында көктайғақ пен тұман болжануда. Түнде сынап бағанасы -3…-8 градус шамасында, күндіз -1…+4 градус болады.
Қарағанды облысында қар аралас жаңбыр жауып, тұман түседі. Түнде ауа температурасы -2…-7 градусқа дейін төмендеп, күндіз 0…+5 градус шамасында сақталады.
Ұлытау облысында кей жерлерде аздаған қар жаууы мүмкін. Түнгі мезгілде -2…-5 градус, күндіз +1…+6 градус жылы болады.
«Оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында ауа температурасы түнде -13…-18 градусқа дейін төмендейді», – деп нақтылады синоптиктер.
Батыс өңірлер
Батыс Қазақстан облысында қатты жауын-шашын күтіледі. Жаңбыр қарға ұласып, көктайғақ пен тұман түседі. Желдің жылдамдығы 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде -2…+3 градус, күндіз де -2…+3 градус деңгейінде қалады.
Атырау облысында көктайғақ пен тұман болжанады. Түнде ауа температурасы -1…+4 градус, күндіз +3…+8 градус жылы болады.
Маңғыстау облысында күн бұлтты болып, тұман түседі. Жел 9–14 м/с. Түнгі уақытта 0…+5 градус, күндіз +6…+11 градус шамасында жылылық күтіледі.
Ақтөбе облысында қар аралас жаңбыр жауып, жолдарда көктайғақ пайда болады. Түнде -1…-6 градус, күндіз 0…+5 градус жылы болады.
Шығыс өңірлер
Шығыс Қазақстан облысында қар жауып, жаяу бұрқасын соғады, жолдар тайғақ болады. Желдің екпіні 15–20 м/с жетуі ықтимал. Түнде -6…-11 градус аяз, күндіз -2…+3 градус болады.
Абай облысында қар ұшқындап, кей жерлерде жаяу бұрқасын соғады. Түнгі температура -4…-9 градус, күндіз 0…+5 градус аралығында болмақ.
Оңтүстік өңірлер
Жамбыл облысында таулы асуларда тұман мен көктайғақ байқалады, кей аумақта жаңбыр жауады. Жел 9–14 м/с. Түнде -2…+3 градус, күндіз +8…+13 градус шамасында.
Түркістан облысында құбылмалы ауа райы күтіледі, таңертең тұман түседі. Түнде 0…+5 градус, күндіз ауа +10…+15 градусқа дейін қызады.
Қызылорда облысында жауын-шашынсыз ашық ауа райы сақталады. Түнде -2…+3 градус, күндіз +7…+12 градус жылы болады.
Алматы облысында тау бөктерінде қар жауады, тұман мен көктайғақ түседі. Түнде 0…-5 градус, таулы жерлерде -10…-15 градус аяз, күндіз +2…+7 градус шамасында жылылық сезіледі.
Жетісу облысында жаңбыр соңы қарға ұласады, таулы аймақтарда көктайғақ күтіледі. Жел екпіні секундына 15–20 метрге жетуі мүмкін. Түнгі сынап бағанасы -1…-6 градус, күндіз +2…+7 градус жылылықты көрсетеді.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







