Бұрынғы үлкен әрі бұрышты көліктердің капотындағы ұзын металл антенналар бүгінде тарихқа айналды. Қазір олардың орнын төбесінде орналасқан кішкентай әрі сүйкімді «акула жүзбеқанаты» тәрізді антенналар басты, деп жазады Ertenmedia.kz.
Осыдан біраз жыл бұрын көлік антеннасына арналған әртүрлі қондырғыларды шығару табысты бизнес болды. Ол кезде мұндай жаңалықтармен айналысқан кәсіпкерлер жыл сайын жүздеген мың доллар пайда табатын. Алайда заманауи автокөліктердің дизайны айтарлықтай өзгергендіктен, үлкен әрі көзге ұрып тұратын антенналардың орнын шағын ғана, сәнді антенналар алмастырды.
Шындығында, «акула жүзбеқанаты» тек сән үшін ғана емес, көліктің байланыс мүмкіндігін арттыру мақсатында да орнатылады. Оның ішінде Bluetooth, Wi-Fi, ұялы байланыс, GPS, спутниктік жүйелер және жүргізушіге көмек беретін сан алуан коммуникациялық қызметтерге арналған 14-ке дейін әртүрлі шағын антенна орналаса алады.
Сонымен қатар, оның ерекше формасы көліктің аэродинамикалық қасиетін жақсартуға бағытталған. Бірақ бұл шынымен солай ма?

лердің айтуынша, мұндай антеннаның пішіні аэродинамикалық қарсылықты төмендетіп, көліктің отын үнемдеуіне аз да болса ықпал етеді. Дегенмен, бұл айырмашылықты қарапайым пайдаланушы байқай қоюы екіталай. Кейбір сарапшылардың пікірінше, «акула жүзбеқанаты» аэродинамика тұрғысынан айтарлықтай тиімділік бермейді, тек эстетикалық жағынан ұтымды шешім ретінде қарастырылады.
Осыған байланысты кейбір автоөндірушілер, мысалы, 2021 жылы Chevy және GMC компанияларының кейбір жүк көліктерінде бұрынғы металл антенналарды қолданған. Себебі GM компаниясының вице-президенті Тим Херриктің айтуынша, дәстүрлі антенналар AM/FM сигналдарын «акула жүзбеқанатына» қарағанда анағұрлым сапалы қабылдаған.
Жалпы алғанда, «акула жүзбеқанаты» автокөлік дизайнындағы эстетикалық әрі заманауи шешім. Оның ең маңызды артықшылығы – көліктің заманауи байланыс технологияларын шағын әрі көзге түспейтін түрде орналастыруға мүмкіндік беруі. Алайда көліктің жылдамдығы мен аэродинамикалық көрсеткіштеріне тигізетін пайдасы әлі де болса даулы мәселе болып қала береді.
Электромобильдер дәстүрлі бензинді көліктерге қарағанда басқаша. Ertenmedia тілшілері Auto сарапшылардың көмегімен алыс сапар алдында электромобиль иелеріне арналған маңызды ұсыныстарды әзірледі.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







