Алматы орталық мешітінің наиб имамы Бауыржан Көптілеуов мұсылмандарға жол үстінде намаз оқуға рұқсат етілмейтінін мәлімдеді деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Имамның айтуынша, парыз амалдарын орындаудан бұрын, айналадағы адамдарға кедергі келтірмеу мен олардың денсаулығына зиян тигізбеу маңыздырақ. Намаз оқығанда өзіңнің ғана емес, өзгелердің де қауіпсіздігін ойлау басты шарттардың бірі.
«Құлшылық кезінде де адамдардың тыныштығы мен қауіпсіздігіне баса назар аударған жөн. Жол үсті намаз оқитын жер емес. Себебі, діни парызды өтеу басқаларға кедергі болмауы тиіс», – деді Бауыржан Көптілеуов.
Оның сөзінше, Ислам діні құлшылықта қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті жоғары қояды. Осыған байланысты намазды арнайы орындарда немесе адамдарға ешқандай зиян келтірмейтін, қауіпсіз жерлерде оқуға шақырды.
Айта кетелік, кұні кеше депутат Бапи мүфтиятқа сын айтып, «әсіредіншілдерге қарсы келуге қаймығады» деген болатын
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







