Алматы облысындағы «Кеген – Нарынқол» тасжолының 20-шы шақырымында еріген қар суы жолды шайып кетті, деп жазады Ertenmedia.kz.
Жол мамандарының жоспарлы бақылауы кезінде еріген қар суының күрт көбейгені анықталған. Қосымша тексеру нәтижесінде, мұндағы су өткізу құбыры бүлініп, соның кесірінен жол жабындысы шайылған.
Айта кетерлігі, бұл жол 1960-1970 жылдары салынған, 50 жылдан астам уақыттан бері үздіксіз қызмет етіп келеді. Осы кезеңде аталған аумақта тасқын қаупі байқалмаған, жолдың бұлай бүлінуі бірінші рет тіркеліп отыр.
Мамандар қауіпсіздік шараларын жедел қабылдап, жол қозғалысын уақытша тоқтатты. Қазір оқиға орнында арнайы техника жұмыс істеп, уақытша жол пайдалануға берілді.

Еріген судың ағысы бәсеңдегеннен кейін жол мен су өткізу құбыры қалпына келтіріледі. Сондай-ақ мердігер мекеме бүлінген жол бөлігін жөндеп, жол инфрақұрылымының табиғи апаттарға төзімділігін күшейтуге міндеттелді.
Қонаев қаласында жаңа спорт кешені салынады. Бұл жоба өңірдегі спорт инфрақұрылымын күшейтіп, тұрғындар үшін қолжетімді әрі заманауи жаттығу кеңістігін қалыптастыруға бағытталған.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







