Белгілі әнші, қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мейрамбек Бесбаев жас әнші Еркеш Хасенге тосын сый жасап, жаңа көлік алып берді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Бұл қуанышты жаңалықты Еркеш Хасен өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Айтуынша, көлікке ие болуы күтпеген жерден, аяқ астынан болған.
Бір жобаның түсірілімінен соң Еркеш үйіне қайту үшін такси шақырып тұрған сәтте Мейрамбек Бесбаев одан: «Өз көлігің жоқ па?» – деп сұраған екен. Еркештің жоқ екенін білген соң, келесі күні арнайы жеке шақырып алып, жас әншінің жағдайын жүрегіне жақын қабылдағанын айтқан. Содан кейін жақын күндері көлік сатып алуға көмектесетінін жеткізген.
– Кеше ғана такси шақырып тұрған сәтімді көріп, бүгін үлкен ағалық қамқорлық танытып, арнайы көлік сыйлады. Мен үшін бұл үлкен сый, ерекше құрмет. Аллаға шүкір, бүгіннен бастап өз көлігім бар, – деп қуанышымен бөлісті Еркеш Хасен.
Желі қолданушылары да Еркешті жаңа көлігімен құттықтап, Мейрамбектің жомарттығы мен азаматтығын ерекше атап өтуде.
«Құтты болсын, інім! Жолыңа береке берсін», «Мейрамбек нағыз қазақтың азаматы ғой», «Үлкен жүректі азамат, жарайсың, Мейрамбек!», – деп жылы лебіздерін білдіруде олар.
Осылайша, Мейрамбек Бесбаев тек шығармашылықта ғана емес, өмірде де жастарға үлгі көрсетіп, ағалық қолдау мен қамқорлықтың тамаша үлгісін көрсетті. Қазақ өнерінің абыройлы тұлғасы атанған әншінің бұл әрекеті көпшілікке тағы бір мәрте үлгі болды.
Қазақстандық танымал спортшы әрі актер Еркебұлан Тоқтар өз жеңілісінен ақша ұтылған жанкүйерлеріне өткір сын айтып, жауапкершілікті өзіне емес, әркім өзіне жүктеу керектігін ескертті.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







