Қазақстанда 19 сәуірден бастап валюта операцияларын бақылаудың жаңа тәртібі енгізіледі деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Осы күннен бастап банктер азаматтар мен бизнес өкілдерінің валюта операциялары туралы мәліметтерді Ұлттық банкке тұрақты түрде тапсырып отырады.
Енді қазақстандықтар шетелге банк шотын ашпай-ақ 10 мың долларға дейін ақша аудара алады. Егер аударым сомасы одан асса, банк міндетті түрде Ұлттық банкке есеп береді. Сондай-ақ азаматтардың мың доллардан асатын қолма-қол валюта сатып алуы немесе сатуы да бақылауға алынады.
Кәсіпкерлер үшін бақылау шегі жоғарырақ олар 50 мың доллардан басталатын операциялар бойынша есеп береді. Бірақ бизнес өкілдерінің қолма-қол ақшасыз валюталық операцияларының барлығы, сома көлеміне қарамастан, қадағаланады.
Банктер мен қаржы ұйымдары валюта заңнамасын бұзғаны үшін де есеп беруге міндеттелді. Оның ішінде экспорттық-импорттық келісімдер бойынша валюталық түсімнің қайтарылмауы ерекше бақыланбақ.
Барлық валюта операциялары туралы есеп ай сайын электронды форматта Ұлттық банкке жолданып тұрады.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







