Танымал журналист Ербол Мәндібек кәсікер Тұрсын Алагөзов кімнің тілін алып, жұмысшыларына 100 пәтер бергізгенін ашып айтты, деп жазады Ertenmedia.kz.
Журналист «Жұмаққа баратын екі адам болса, соның бірі Баян апам деп ойлаймын» дейді журналист. Ол Баянның күні кеше ғана айтқан ойы бай-бағландардың әйелдеріне айтылған үндеу секілді қабылдағанын алға тартты.
– Жұмысшыларға 100 пәтер беру туралы шешімді кім қабылдады? – деп сұрағанда, Баян апам еш ойланбастан:
– Бұл менің шешімім. Тұрсынға (күйеуіне) айттым: «Құдай саған байлық беріп жатыр. Сенің қолыңда бәрі бар. Ендеше, сол дүниені халықпен бөлісу – сенің міндетің. Елге берсең, Жаратушы оның сауабын еселеп қайтарады, – дедім. Содан кейін Тұрсекең кең жүректілік танытып, 100 пәтер беріпті. Негізі біз күнделікті жақсылық жасаудан жалықпаймыз. Жетім-жесірлерге де көп көмектесеміз, бірақ оны жарияламаймыз, – деп жауап берді.
«Баян апамның бойындағы қазақылық ерекше көрінеді. Өзінің зәулім үйінің ауласына алты қанатты киіз үй орнатқан екен. Бұл да Баян Мақсатқызының қалауы екенін өтінішіммен жасалған», – дейді тілші.
– Тұрсын ағамыз бұрын қандай еді, қазір қандай? Баян апамыз оны 180 градусқа өзгертті. Бұрынғы отбасынан туған балаларын да бауырына басып, қамқорлық танытып отырғанын естіп, көңілім толды. Баян апамның бойындағы даналық пен парасаттылыққа қайран қаламын, – дейді Ербол Мәндібек.
«Меніңше, осындай қазақ әйелінің символына Алматының қақ төрінен ескерткіш орнатса артық болмас еді. Бүгінгі ұрпақ мұны істемесе де, болашақ ұрпақ Баян апама сөзсіз ескерткіш қояды деп сенемін» деп сөзін түйіндеді журналист.
Танмал журналист Ербол Мәндібек осыған Қайрат Нұртасқа «Халық әртісі» атағын биылдан қалдырмай беруді ұсынғанын жазғанбыз.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







