Бүгінгі жұлдыз жорамалға қарағанда, күн тым тыныш өтпейін деп тұр. Жоспарды айналадағы адамдар өзгертіп жіберуі мүмкін. Ашуға ерік бермей, жағдайға икемделе алсаңыз, осы күннен өзіңізге пайдалы нәрсе ала аласыз, деп жазады Ertenmedia.kz
Тоқтылар үшін бүгін сезімге толы сәттер көп болуы мүмкін. Жеке өмірде әдемі кездесу, жылы әңгіме, күтпеген жақындық орын алуы ғажап емес. Бірақ бәрін тағдырға ысыра салмаған жөн. Кездесуді өзіңіз ойластырып, бастаманы қолға алсаңыз, күн ойдағыдай өтеді.
Торпақтарға қарым-қатынаста маңызды әңгіме күтіп тұр. Біреу сізден анық жауап күтіп жүрген болуы мүмкін. Ұзаққа созылған үнсіздік сезімді суытып жібереді. Егер бұл байланыс сізге қымбат болса, бүгін ашық сөйлескен дұрыс.
Егіздер үшін отбасы мәселесі алдыңғы орынға шығады. Жақындарыңыздың өтінішімен бір маңызды іске араласуыңыз мүмкін. Рақмет естімесеңіз де, бастаған істі соңына дейін жеткізуге тырысыңыз. Кейде мұндай қадам қарым-қатынасты нығайтады.
Шаяндар үшін бүгін өзіңізге көңіл бөлетін күн. Сырт келбетіңізді ретке келтіріп, жақсы көңіл күймен жүрсеңіз, айналаңыздағы жұрттың назарын оңай аударасыз. Қонаққа бару, достармен кездесу немесе тосын таныстық сіздің сеніміңізді арттыруы мүмкін.
Арыстандар жақындарымен сөйлескенде абай болғаны жөн. Әдеттегі сөздің өзі немесе жақсы ниетпен айтылған мақтау теріс қабылдануы мүмкін. Кикілжіңді болдырмау үшін үйден тысқары шығып, орта ауыстырған дұрыс. Сол кезде көңіл де орнығады.
Бикештер үшін күннің басында шағын болып көрінген іс кешке дейін созылып кетуі мүмкін. Бүгін шыдам мен ұқыптылық сұралады. Асығыс шешім қабылдамаңыз. Сәттілік дәл ұсақ-түйекті мұқият қарауда тұр.
Таразылардың ішінде тартыс болуы мүмкін. Қалау, міндет және жеке мүдде бір-біріне қарсы келіп, көңілді шайқалтады. Артық қысымға түспеу үшін жаныңызға жайлы нәрсені таңдаңыз. Бүгін рухани тыныштық маңыздырақ.
Өзгенің де мәселесіне араласуға тура келеді
Сарышаяндарға бүгін өз шаруасынан бөлек, өзгенің де мәселесіне араласуға тура келуі ықтимал. Сол себепті жүйке жұқарып кетуі мүмкін. Ашуды жақын адамдарыңыздан шығармауға тырысыңыз. Эмоцияны тежей білсеңіз, күн жеңіл өтеді.
Мергендерде көңіл күй құбылмалы болуы мүмкін. Аздап селқостық, шабыттың төмендеуі сезіледі. Бірақ бір қоңырау, хат не біреудің алғысы бүкіл күннің реңін өзгертіп жібереді. Кешке қарай көңіліңіз көтерілуі ықтимал.
Тауешкілерге ескі реніш не бұрынғы келіспеушілік қайта оралуы мүмкін. Бір күнде бәрін шешемін деп ұмтылмаған жөн. Кейде аз-кем үзіліс жасап, таза ауада жүріп келген дұрыс. Кешке жолда, көлікте немесе қоғамдық орында мұқият болыңыз.
Суқұйғыштарға бүгін жеке жоспарын кейінге ысырып, отбасыға көңіл бөлу ұсынылады. Әсіресе кіші жастағы туыстарға уақыт бөлсеңіз, араңыз жақындай түседі. Бірге демалу, әңгімелесу, ойнау – бәрі де жақсы әсер береді.
Балықтар үшін күн тыныш әрі үйлесімді өтпек. Осы сәтті шығармашылыққа, сүйікті іске немесе оңаша демалысқа арнаған дұрыс. Ішкі тыныштықты қалпына келтіріп алсаңыз, алдағы күндерге күш жинайсыз.
15 сәуір, сәрсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылып, жаңбыр, найзағай, жел және кей өңірлерде салқындау күтіледі.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







