Қазақстан аумағына Скандинавия жақтан жеткен салқын антициклон келіп, ауа температурасының күрт төмендеуіне әсер етті, деп жазады Ertenmedia.kz.
Синоптиктердің мәліметінше, суық ауа массасы алдағы күндері де елдегі ауа райына ықпал етеді. Әсіресе түнгі уақытта солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде минус температура сақталады.
Антициклон Қазақстан аумағы арқылы жылжыған сайын суықтың әсері оңтүстік-шығысқа да жетеді. 13 мамырға қараған түні осы өңірлерде де үсік жүруі мүмкін.
«Қазгидромет» мамандары ауа райының әрі қарай салқындайтынын ескертіп отыр. Мұндай кезеңде әсіресе аграрлық сала өкілдері, бау-бақша егетін тұрғындар және саяжай иелері сақ болғаны жөн. Түнгі үсік көктемгі егіске, көшетке, ерте гүлдеген жеміс ағашына және ашық жерде өсіп тұрған дақылға кері әсер етуі ықтимал.
Суық антициклон көктемнің соңғы айында ауа райының құбылмалы болатынын тағы көрсетті. Күндіз күн жылынғанымен, түнгі температураның төмендеуі ауыл шаруашылығы үшін нақты тәуекелге айналады. Сондықтан мамандар ауа райы болжамын бақылап, өсімдіктерді уақытша жабу, суару тәртібін реттеу және ашық алаңдағы көшетті қорғау шарасын алдын ала қарастыруға кеңес береді.
Қазақстанда көп адам туысы немесе танысы үшін несиеге кепіл болуға келісіп жатады. Бірақ көп жағдайда оның нақты салдарын толық түсіне бермейді.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







