Шымкентте әлеуметтік қорғау саласындағы шенеуніктің жұмыс күні ҰҚК-ның тінтуімен басталғанға ұқсайды. Комитет өкілдері Еңбекминге қарасты Шымкент қаласы бойынша департамент басшысы Руслан Тұңғышбаевтың кабинетіне сау етіп кіріп келген, деп жазады Ertenmedia.kz.
Журналист Козачковтың мәліметінше, тінту бүгін таңертең өткен. Ақпарат арна ботына түскен хабарламаларға сүйеніп жарияланды.
Алдын ала дерекке қарағанда, іс Қылмыстық кодекстің 367-бабы бойынша қозғалған. Аталған бап пара беру дерегіне қатысты қолданылады.
Тергеу өрт қауіпсіздігі мәселесі бойынша оң қорытынды алу үшін лауазымды тұлғаға ақша берілуі мүмкін деген нұсқаны тексеріп жатыр.
Бір құжаттың тағдыры заңды тәртіппен емес, ақша арқылы шешілмек болды деген күдік туған.
Ақша кімге арналды, оң қорытынды кімге қажет болды, тінту кезінде қандай құжат алынғаны әзірге белгісіз.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







