Президент Тоқаев «AMANAT» партиясының бұрынғы төрағасы Ерлан Қошановқа осы уақытқа дейінгі атқарған адал әрі тиімді жұмысы үшін алғыс білдірді деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Президент партияның жақын арада өткен съезінде «ӘДІЛЕТ» саяси ұйымының қатарына қосылу туралы қабылдаған тарихи шешімін ерекше атап өтіп, мұны ел мүддесі жолындағы маңызды серпіліс ретінде бағалады.
Президенттің пайымдауынша, «AMANAT» партиясы осы кезге дейін мемлекетті модернизациялау мен заңдылық пен қоғамдық тәртіпті ту еткен Әділетті Қазақстанды құру ісіне сүбелі үлес қосып келді.
Ұйымның бұрынғы құрамы мен барлық мүшелеріне ризашылық білдірген Мемлекет басшысы бұл шешімнің елдегі саяси тұрақтылық пен бірлікті нығайта түсетініне сенімді.
Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін өздерін белсенді көрсеткен «аманаттықтардың» жаңадан құрылған «Әділет» партиясы құрамында да Отан игілігі үшін нәтижелі жұмысты жалғастыра беретінін жеткізді.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







