Қазақстанның бірқатар өңірінде 18 маусым, бейсенбі күні жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей аймақта жел күшейеді, деп жазады Ertenmedia.kz.
«Қазгидромет» ұсынған болжамға сәйкес, елдің бірнеше қаласында күн бұлтты болып, өткінші жаңбыр мен найзағай күтіледі. Кей өңірде аптап ыстық сақталып, ауа температурасы күндіз +38 градусқа дейін көтеріледі. Оңтүстік пен орталық аймақта желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетуі мүмкін.
Астанада күн құбылмалы бұлтты болады. Жаңбыр жауып, желдің жылдамдығы секундына 7-12 метрге жетеді. Күндіз екпіні 15-18 метрге дейін күшеюі ықтимал. Түнде ауа температурасы +17…+19 градус, күндіз +32…+34 градус шамасында болады.
Алматыда күн бұлттанып, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Жел секундына 3-8 метр, екпіні 13 метрге дейін жетеді. Түнде +19…+21 градус, күндіз +30…+32 градус жылы болады.
Шымкентте де жаңбыр мен найзағай болжанып отыр. Жел секундына 8-13 метр, екпіні 15-20 метрге дейін күшейеді. Түнде +19…+21 градус, күндіз +33…+35 градус ыстық болады.
Ақтауда күн ашық, жауын-шашын болмайды. Жел секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде +20…+22 градус, күндіз +28…+30 градус болады. Ақтөбеде де күн ашық, жауын-шашын күтілмейді. Жел секундына 5-10 метр, түнде +18…+20 градус, күндіз +29…+31 градус жылы.
Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды
Атырауда құбылмалы бұлт сақталады, жауын-шашынсыз. Жел секундына 5-10 метр. Түнде +20…+22 градус, күндіз +32…+34 градус болады. Оралда күн бұлтты болғанымен, жауын-шашын күтілмейді. Жел секундына 5-10 метр, түнде +13…+15 градус, күндіз +28…+30 градус жылы.
Жезқазғанда күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде жел секундына 2-7 метр, күндіз 7-12 метр болады. Екпіні 15-20 метрге жетуі мүмкін. Ауа температурасы түнде +21…+23 градус, күндіз +35…+37 градусқа дейін көтеріледі.
Қарағандыда жаңбыр мен найзағай күтіледі. Жел секундына 5-10 метр. Түнде +18…+20 градус, күндіз +31…+33 градус жылы болады. Көкшетауда күн құбылмалы бұлтты, жаңбыр жауады. Жел түнде секундына 3-8 метр, күндіз 7-12 метр шамасында соғады. Түнде +18…+20 градус, күндіз +27…+29 градус болады.
Қонаевта күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел секундына 9-14 метр, екпіні 18 метрге дейін жетеді. Түнде +19…+21 градус, күндіз +33…+35 градус ыстық. Талдықорғанда күн бұлтты, бірақ жауын-шашын күтілмейді. Жел секундына 5-10 метр. Түнде +17…+19 градус, күндіз +32…+34 градус болады.
Қостанайда күн бұлттанып, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Жел түнде секундына 3-8 метр, күндіз 7-12 метр. Ауа температурасы түнде +17…+19 градус, күндіз +28…+30 градус болады. Петропавлда да жаңбыр мен найзағай болжанды. Жел түнде секундына 5-10 метр, күндіз 9-14 метр. Түнде +18…+20 градус, күндіз +29…+31 градус жылы.
Қызылордада күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел секундына 7-12 метр. Түнде +22…+24 градус, күндіз +36…+38 градус ыстық болады. Түркістанда да жаңбыр мен найзағай күтіледі. Жел секундына 8-13 метр, екпіні 15-20 метрге дейін күшейеді. Түнде +20…+22 градус, күндіз +35…+37 градусқа дейін ысиды.
Таразда күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел секундына 9-14 метр, күндіз екпіні 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +20…+22 градус, күндіз +32…+34 градус болады.
Павлодарда құбылмалы бұлт күтіледі, жауын-шашын болмайды. Жел секундына 7-12 метр. Түнде +18…+20 градус, күндіз +31…+33 градус жылы. Семейде де жауын-шашынсыз, күн құбылмалы бұлтты болады. Жел секундына 5-10 метр, екпіні 15-18 метрге дейін жетеді. Түнде +16…+18 градус, күндіз +31…+33 градус.
Өскеменде күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел секундына 4-9 метр. Түнде +15…+17 градус, күндіз +31…+33 градус жылы болады.
Синоптиктердің болжамына қарағанда, бейсенбі күні елдің оңтүстігі мен орталығында ыстық ауа райы сақталады. Ал солтүстік, оңтүстік және оңтүстік-шығыстағы кей қалада жаңбыр мен найзағай демалыс пен жол қозғалысына қолайсыздық тудыруы мүмкін.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







