Президент Тоқаевтың жарлығымен еліміздің шет елдердегі елшілік құрамында бірқатар маңызды кадрлық өзгерістер орын алды деп жазады Ertenmedia.kz.
Соның ішінде ең басты жаңалық Павлодар облысының экс-әкімі Әбілқайыр Сқақов Қазақстанның Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына бекітілді. Ол бұл қызметте Рапил Жошыбаевты алмастырды.
Әбілқайыр Сқақов кезінде салық және қаржы жүйесінде, Қорғаныс министрлігінде жауапты қызметтер атқарып, Павлодар өңірін басқарған болатын. Алайда 2022 жылдың соңында Екібастұз жылу желілеріндегі ірі апаттан кейін аймақ басшысы қызметінен босатылған еді. Кейіннен Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорын (ӘМСҚ) басқарып, өткен жылдың басында өз еркімен жұмыстан кеткен болатын.
Президенттің өзге де жарлықтарымен бірнеше мемлекеттегі елшілер корпусы жаңарды:
- Бақыт Батыршаев — Қазақстанның Катар мемлекетіндегі елшісі болып тағайындалды. Ол бұған дейін осы қызметті атқарған Арман Исағалиевтің орнына келді.
- Әнел Бақытбекқызы — Мажарстандағы (Венгрия) Төтенше және Өкілетті Елшісі ретінде қызметіне кірісті. Бұл лауазымда ол Абзал Сапарбекұлын алмастырды.
- Болат Иманбаев — Армениядағы елшілік қызметінен босатылып, Сербия Республикасына елші болып жіберілді.
- Азамат Есқараев — еліміздің Үндістандағы елшісі қызметіне қоса, енді Бангладеш, Бутан, Мальдив және Непал мемлекеттеріндегі өкілеттілікті қатар атқаратын болады.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







