Нұрсұлтан Назарбаев Құрылтай депутаттарын сайлауға үйінен қатысты. Жуырда ота жасатқан экс-елбасыға жылжымалы дауыс беру жәшігі жеткізілді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Назарбаевтың баспасөз қызметі оның денсаулық жағдайына байланысты сайлау учаскесіне бармай, заңда қарастырылған тәртіппен үйінде дауыс бергенін мәлімдеді.
Жарияланған суретте экс-президенттің бюллетеньді Қазақстанның мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген жәшікке салып тұрғаны көрінеді. Оған ота жасалғаны және қазіргі жағдайы жөнінде қосымша мәлімет берілген жоқ.
Қаңтардан кейін зейнетке шыққан айтқан Назарбаев соңғы жылдары қоғамдық-саяси іс-шараларға сирек қатысып жүр. Бұған дейін экс-президенттің баспасөз хатшысы оның тарих қойнауына сіңген «Аманат» партиясына түк қатысы жоқ деп мәлімдеген.
«Әбішұлының әлгі партияға қандай қатысы бар? Ол өзінің президенттік өкілетін 2019 жылы толық тапсырған болатын. Ол зейнеттегі адам. Қазір саясатпен айналыспайды, партиядағы шешімдерге араласпайды», – деген еді Айдос Үкібай.
Назарбаев 2019 жылы президенттіктен кетсе де, 2022 жылдың қаңтарына дейін Қауіпсіздік кеңесі мен бұрынғы «Нұр Отан» партиясының орынтағын ешкіммен бөліспей, бір өзі билеп-төстеп отырған. Қаңтар оқиғасынан кейін «Нұр Отанға» ребрендинг жасалып, атауын «Аманатқа» өзгерткен еді. Қазір оның орнын «Әділет» партиясы басты.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







