Алматыда Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысу белсенділігі күннің екінші жартысында арта түсті. Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, сағат 16:00-дегі жағдай бойынша қаладағы сайлаушылардың 36,65 пайызы дауыс берген, – деп жазады Ertenmedia.kz.
Қаладағы сайлау учаскелерінде тұрғындар легі түстен кейін айтарлықтай көбейді. Белсенділік Алматының барлық ауданында байқалып отыр.
Әсіресе №138 сайлау учаскесінде, Әуезов ауданындағы №105 мектеп-гимназияда орналасқан №265 учаскеде, сондай-ақ Бостандық ауданындағы №255 және №215 мектептердегі сайлау учаскелерінде тұрғындар белсенді дауыс беріп жатыр.
Түрксіб ауданындағы №76 жалпы білім беретін мектепте орналасқан №449 учаскеде де сайлаушылар қатары көп. Жетісу ауданындағы №326 сайлау учаскесінде де тұрғындар тұрақты түрде келіп, өз таңдауын жасауда.
Сонымен қатар №696, №445, №547, №35 және басқа да бірқатар учаскеде дауыс берушілер ағыны байқалады. Қала тұрғындарының арасында сайлауға отбасы мүшелерімен бірге келгендер де бар.
Учаскелерде дауыс беру белгіленген тәртіппен өтіп жатыр. Сайлаушылар кезек ретімен тіркеуден өтіп, бюллетень алып, өз таңдауын жасауда.
Комиссия мүшелері мен байқаушылар күннің екінші жартысында да сайлаушылар легі тұрақты екенін атап өтті. Учаскелерде дауыс беруге қажетті жағдай жасалып, жұмыс қалыпты режимде жалғасуда.
Сағат 16:00-дегі 36,65 пайыздық көрсеткіш Алматыдағы сайлау белсенділігінің күн бойы біртіндеп өсіп келе жатқанын көрсетеді. Дауыс беру учаскелері кешке дейін жұмысын жалғастырады.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







