1 қыркүйекте Қазақстанның солтүстігі мен орталығында күн салқындап, кей өңірде жаңбыр, найзағай және топырақ бетінде үсік күтіледі. Елдің батысы мен оңтүстігінде жауын-шашынсыз, салыстырмалы түрде жылы ауа райы сақталады, – деп жазады Ertenmedia.kz.
Астанада күн құбылмалы болып, жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл күтіледі. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде +2…+4, күндіз +12…+14 градус болады, топырақ бетінде 1 градус үсік жүруі ықтимал. «Қазгидромет» болжамы елордадағы салқын ауа райының бірнеше күн сақталатынын көрсетеді.
Алматыда күн бұлтты болып, мезгіл-мезгіл жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр, кей сәтте екпіні 15 метрге жетеді. Түнде +15…+17, күндіз +21…+23 градус күтіледі.
Шымкентте көшпелі бұлт болғанымен, жауын-шашын болжанбайды. Жел секундына 8-13 метр жылдамдықпен соғып, екпіні 15-20 метрге дейін күшеюі мүмкін. Сынап бағаны түнде +16…+18, күндіз +27…+29 градусты көрсетеді.
Ақтауда көшпелі бұлт шығып, жауын-шашын болмайды. Желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр шамасында болады. Түнгі температура +18…+20, күндізгі көрсеткіш +24…+26 градус аралығында қалыптасады.
Ақтөбеде де жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Секундына 2-7 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +5…+7, күндіз +23…+25 градусқа жетеді.
Атырауда аспан ашық болып, жауын-шашын күтілмейді. Жел секундына 2-7 метр жылдамдықпен соғады. Түнде +11…+13, күндіз +27…+29 градус болады.
Жезқазғанда көшпелі бұлт болғанымен, жаңбыр жаумайды. Желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр болады. Түнде +6…+8, күндіз +20…+22 градус күтіледі.
Қарағандыда жауын-шашынсыз, ала бұлтты ауа райы қалыптасады. Жел секундына 8-13 метр жылдамдықпен соғып, екпіні 15-18 метрге дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде +2…+4, күндіз +14…+16 градус шамасында болады.
Көкшетауда күн бұлттанып, жаңбыр жауады. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетуі ықтимал. Түнде +5…+7, күндіз +13…+15 градус күтіледі.
Қонаевта бұлтты күн райы сақталып, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел секундына 9-14 метр жылдамдықпен соғып, екпіні 15-20 метрге дейін күшейеді. Сынап бағаны түнде +15…+17, күндіз +22…+24 градусты көрсетеді.
Үсік жүруі ықтимал
Қостанайда көшпелі бұлт болғанымен, жауын-шашын түспейді. Жел секундына 9-14 метр жылдамдықпен соғып, екпіні 15-20 метрге жетуі мүмкін. Түнде +5…+7, күндіз +14…+16 градус болады.
Қызылордада күн ашық әрі жауын-шашынсыз болады. Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр шамасында сақталады. Түнгі температура +10…+12, күндізгі көрсеткіш +24…+26 градусқа жетеді.
Павлодарда күн бұлттанып, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейіп, топырақ бетінде үсік жүруі ықтимал. Түнде +3…+5, күндіз +14…+16 градус күтіледі.
Петропавлда бұлтты күн райы сақталып, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел секундына 9-14 метр жылдамдықпен соғып, екпіні 15-20 метрге жетеді. Түнде +3…+5, күндіз +10…+12 градус болып, қалада еліміздегі ең салқын күндердің бірі байқалады.
Семейде көшпелі бұлт болғанымен, жауын-шашын болжанбайды. Жел секундына 7-12 метр жылдамдықпен соғады. Түнде +3…+5, күндіз +18…+20 градус болады.
Талдықорғанда жауын-шашынсыз, ала бұлтты ауа райы күтіледі. Желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр болады. Ауа температурасы түнде +11…+13, күндіз +23…+25 градусқа жетеді.
Таразда көшпелі бұлт болып, жауын-шашын түспейді. Жел секундына 9-14 метр жылдамдықпен соғып, екпіні 15-20 метрге дейін күшейеді. Түнде +13…+15, күндіз +24…+26 градус күтіледі.
Түркістанда да жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Жел секундына 8-13 метр жылдамдықпен соғып, екпіні 15-20 метрге жетуі мүмкін. Түнде +14…+16, күндіз +25…+27 градус болады.
Оралда көшпелі бұлт шығып, жауын-шашын күтілмейді. Желдің жылдамдығы секундына 5-10 метр болады. Түнгі ауа температурасы +12…+14, күндізгі көрсеткіш +27…+29 градусқа жетеді.
Өскеменде жауын-шашынсыз, ала бұлтты ауа райы қалыптасады. Жел секундына 5-10 метр жылдамдықпен соғады. Түнде +4…+6, күндіз +16…+18 градус күтіледі.
Синоптиктер жаңбыр мен найзағай күтілетін өңірлерде жел екпініне сақ болуға шақырады. Астана мен Павлодарда топырақ бетіндегі үсік ауыл шаруашылығы дақылдарына қауіп төндіруі мүмкін.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







