Қазақстанның қаржы нарығында теңгенің нығаюы жалғасып, АҚШ долларының ресми бағамы тағы да төмендеді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Ұлттық банктің 2 қыркүйекке белгілеген ресми бағамына сәйкес, 1 доллар құны алдыңғы күнмен салыстырғанда 3,86 теңгеге арзандап, 458,45 теңге деңгейіне тұрақтады.
Ресми мәлімет бойынша, еуро бағамы 531,39 теңге, Ресей рублі 5,29 теңге, ал Қытай юаны 68,2 теңге болып бекітілді. Британ фунты 620,42 теңгеге теңессе, Біріккен Араб Әмірліктерінің дирхамы 124,83 теңге шамасында белгіленді.
Ұлттық валютаның күшеюіне әлемдік энергетика нарығындағы мұнай бағасының өсуі мен ішкі нарықтағы шетелдік валюта ұсынысының артуы тікелей ықпал етуде.
Елдің ірі мегаполистеріндегі ақша айырбастау пунктерінде де доллар құны арзандай түсті.
- Астанадағы айырбастау орындарында шетел валютасын сатып алу орташа есеппен 455 теңге, сату 462 теңге көлемінде қалыптасты.
- Алматы қаласында долларды қабылдау 458–459,5 теңге, сату 460,5–461 теңге аралығында жүргізілуде.
- Шымкентте сатып алу бағамы 458 теңгені, сату бағамы 461 теңгені құрады.
Сонымен қатар айырбастау орындарында еуро 526–531 теңгеден сатып алынып, 536 теңгеден сатылуда, ал рубль 5,10–5,20 теңгеден қабылданып, 5,27–5,30 теңгеден ұсынылып отыр.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







