Қазақстанның алдында өткеннің ауыр жүгін арқалап қана қоймай, жасампаз болашаққа жол ашатын озық ойлы ұлт қалыптастыру міндеті тұр. Президент бастамаларының түпкі мақсаты елдің жаңа құндылықтарын қоғам санасына орнықтыруға бағытталған, – деп жазады Ertenmedia.kz.
Қоғам қайраткері Нұрбек Пұсырмановтың айтуынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мәселені бағдарламалық жобаларында, Жолдауларында және сайлауалды бағдарламасында жүйелі түрде көтеріп келеді.
Президент ел назарын мұңлы тарихпен бірге жасампаз тарихқа да бұру қажеттігін алға тартып отыр. Өткенді тану ұлттық сананы бекітсе, болашақты құру азаматтың жауапкершілігін айқындайды.
Жасампаз тарих мемлекеттің жетістігін тізіп шығумен шектелмейді. Оның өзегінде білімге ұмтылған, жаңалыққа ашық, ел тағдырына бейжай қарамайтын азамат тұрады. Озық ойлы ұлт ғылымды, технологияны және мәдениетті қатар дамытып, өзгерістен қауіп емес, мүмкіндік іздейді.
Нұрбек Пұсырманов жаңа Конституцияда бекітілген іргелі құндылықтарды өмірге енгізуде жастарға айрықша жауапкершілік жүктелетінін атап өтті. Себебі реформаның табысы қабылданған құжатпен ғана емес, оның қоғамдағы күнделікті мінез бен әрекетке айналуымен өлшенеді.
Жаңа дәуірдің мемлекетін құратын да, жасампаз тарихты жалғастыратын да білімді әрі жауапты жас буын болмақ.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







