Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Каспийдегі жаттығу кезінде қазақстандық әскери қызметшілердің қайғылы қазасына байланысты көңіл айтқаны үшін Ресей президенті Владимир Путинге ризашылығын білдірді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев ел басына түскен осы бір ауыр сәтте Қазақстан Ресей көшбасшысы мен Ресей халқының шынайы жанашырлығы мен ынтымақтастығын ерекше бағалайтынын атап өтті.
Каспийдегі төтенше жағдайдың мән-жайы
24 қыркүйекте Каспий теңізінде оқу-жауынгерлік тапсырманы орындау кезінде ауа райының нашарлауы мен желдің күшеюіне байланысты 17 адам теңізге кетіп, оның 12-сі қаза тапты, үш адамды құтқару мүмкін болды. Қалған екі әскери қызметшіні іздеу жұмыстары жалғасуда. 25 қыркүйек Қазақстанда аза тұту күні болып жарияланды. 453-баптың 2-бөлігі («Ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметке салғырт қарау») және 465-бап («Кеме жүргізу қағидаларын бұзу») бойынша екі қылмыстық іс қозғалды.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







