Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілерге байланысты 25 қыркүйекті Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады. Мемлекет басшысы тиісті өкімге қол қойды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысының өкімімен Маңғыстау облысында қызметтік борышын атқару кезінде әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты 2026 жылғы 25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды», – делінген хабарламада.
Әскери оқу-жаттығу кезіндегі төтенше жағдай
24 қыркүйекте Маңғыстау облысында оқу-жаттығу кезінде 19 әскери қызметшіні Каспий теңізіне ағыс алып кеткен. Сағат 14.00-де Қорғаныс министрлігі тоғыз адамның қаза тапқанын растады. Үш әскери қызметші құтқарылды, іздестіру шаралары жалғасуда. Оқиға орнына Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов пен үкіметтік комиссияның төрағасы Қанат Бозымбаев барды.
Қылмыстық іс қозғалды
Ақтау гарнизоны қылмыстық іс қозғады. Тергеуді арнайы құрылған топ жүргізуде.
Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтты.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







