1 қазаннан бастап Алматы тұрғындары үшін суық судың бір текше метрі 178,06 теңге, ал су бұру қызметі – 119,46 теңге болады, бұл «Алматы Су» таратқан кестеден белгілі болды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Есептеуіш құралы жоқ тұрғындарға арналған тарифтер
Есептеуіш құралы жоқ тұтынушылар үшін бір адамға ай сайынғы төлем мынадай болады:
- тұрмыстық қажеттіліктер үшін суық суға – 2670,90 теңге;
- суық суды бұру үшін – 1791,85 теңге;
- ыстық суды бұру үшін – 376,29 теңге.
Есептеуіш құралы жоқ тұрғындар үшін төлем айына тіркелген әр адамға 15 м3 су нормасы бойынша есептеледі. Бұл норма 2025 жылдың қаңтарында енгізілген болатын.
Сондай-ақ көше колонкасынан алынатын су үшін төлем бір адамға айына 133,55 теңгені құрайтыны хабарланды. Есептеуіш орнату техникалық тұрғыдан мүмкін емес тозығы жеткен көппәтерлі үйлердің, апатты жағдайдағы ғимараттар мен ортақ пайдаланылатын орындары бар жатақханалардың тұрғындары үшін – суға 956,19 теңге және оны бұруға бір адамға айына 641,48 теңге белгіленді. 15 сәуір мен 15 қазан аралығындағы кезеңде жер телімінің бір сотығын суару айына 1780,60 теңге болады.
Заңды тұлғалар мен мекемелерге арналған төлемдер
Өзге заңды тұлғалар үшін бір текше метр су 362,18 теңге, су бұру – 264,75 теңге тұрады. Мемлекеттік мекемелер, кәсіпорындар және үшінші топтағы басқа да ұйымдар үшін тарифтер сәйкесінше 649,60 және 189,14 теңгені құрайды.
Барлық келтірілген сомалар ҚҚС есебімен көрсетілген.
12 қыркүйектен бастап Алматы мен облыста электр энергиясының тарифтері де өскен болатын.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







