25 қыркүйек күні сағат 08:45-те Маңғыстау облысындағы қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан батысқазақстандық әскери қызметшілер Жеңіс Темірғалиев, Өмірбек Өмірзақ және Ақжайық Ғилаждың денелері арнайы рейспен Орал қаласының әуежайына жеткізілді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Қоштасу рәсімі және қолдау шаралары
«Қаза тапқан әскери қызметшілермен қоштасу және оларды жерлеу рәсімі 26 қыркүйекте өтеді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қаза тапқандардың отбасыларына жергілікті атқарушы органдар тарапынан материалдық көмек көрсетіледі. Сонымен қатар бизнес өкілдері де қолдау көрсетеді. Жерлеу рәсімін ұйымдастыру бойынша барлық қажетті шаралар қабылдануда», – деп хабарлады БҚО әкімдігінен.
Ахуал облыс әкімінің жеке бақылауында.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







