Көлік министрлігінде озық әуе ұтқырлығы қағидаларының жобасы дайындалды. Құжатта авиациялық персоналды даярлау мен олардың біліктілігіне, қалалық әуе ұтқырлығын пайдаланушыларға, вертипорттарға және техникалық қызмет көрсету компанияларына қойылатын талаптар белгіленді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Ұшу аппараттарына қойылатын талаптар
Сондай-ақ ұшу аппараттарына белгіленген нормалар мен ұшуларды орындау тәртібі де нақты айқындалды.
Құжат «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрландыру, дербес деректерді қорғау, жол жүрісі және көлік саласындағы озық технологияларды реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2026 жылғы 24 маусымдағы заңды іске асыру мақсатында әзірленді.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







