Алматыда өткен KIOGE-2026 мерейтойлық халықаралық конференциясы мен көрмесі аясында «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ (БҚМК) мен «Baker Hughes» компаниясы арасында ірі мұнай-газ жобалары үшін қызметтер көрсету туралы шартқа қол қойылды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның (ҚМГ) тікелей қатысуымен бекітілген келісімшарт Қазақстанның ірі кен орындарында пайдаланылатын Baker Hughes Nuovo Pignone газ турбиналары мен компрессорларын тексеру және жөндеу бойынша қызметтерді оқшаулауды көздейді. Бұл жергілікті мамандардың біліктілігін арттыруға және отандық кәсіпорындардың өндірістік құзыретін нығайтуға мүмкіндік береді.
Отандық өндірушілердің үлесін арттыру
Бұл келісім – ҚМГ-ның ірі жобалар бойынша серіктестермен және операторлармен бірлесіп, сервистік қызмет көрсетуде және жабдықтар мен қосалқы бөлшектерді шығаруда қазақстандық машина жасаушылар мен тауар өндірушілердің үлесін жоспарлы түрде арттыру жөніндегі жүйелі жұмысының практикалық нәтижесі.
Жалпы алғанда, ҚазМұнайГаз үшін ұлттық компания ретінде жергілікті қамтуды дамыту және елішілік құндылықты арттыру басты басымдықтардың бірі саналады. Осыған байланысты ҚМГ жаңа өндірістер ашуға және отандық бизнестің мұнай-газ кешені жабдықтарына қызмет көрсету, жөндеу және техникалық диагностика жасау мүмкіндіктерін кеңейтуге жан-жақты қолдау көрсетеді.
Анықтама үшін
Baker Hughes — америкалық трансұлттық мұнай-сервистік корпорация. Компания әлемнің 120-дан астам елінде қызмет етеді. Қазақстанда Baker Hughes Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ кен орындарына сервистік қызмет көрсетуді және жабдықтар жеткізуді қамтамасыз етеді.
«Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ — мұнай мен газды өндіру және тасымалдауға, сондай-ақ энергетика саласына, металл конструкцияларына және басқа да машина жасау өнімдеріне арналған жоғары технологиялық жабдықтарды әзірлеумен және өндірумен айналысатын отандық кәсіпорын.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







