АҚШ президенті Дональд Трамп үкіметінің жоспарына сәйкес, техномиллиардер Илон Маск қарулы күштермен бірлесіп, болашақтың қару-жарағын, оның ішінде жасанды интеллект басқаратын жүйелерді әзірлеумен айналысады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бұл туралы елдің қорғаныс министрі Пит Хегсет мәлімдеді.
Маск Пентагонның жаңадан қолға алынған «Меридиан» жобасына жетекшілік етеді. Бұл бастамаға қару-жарақ саласындағы кәсіпкер Палмер Лаки мен Конгрестің бұрынғы көшбасшысы Ньют Гингрич те тартылған. Олардың басты міндеті — 2030, 2060 немесе тіпті 2100 жылдардағы соғыс алаңдары қандай болатынын және онда қандай озық технологиялар қажет екенін жан-жақты сараптау.
Маск пен оның тобына жаңа қару-жарақтың нақты жобаларын ұсыну үшін небәрі 120 күн уақыт берілген.
МЫНАНЫ ДА ОҚИ КЕТІҢІЗМинскідегі ЕАЭО саммиті: Олжас Бектенов басты бастамаларды таныстырдыКеліссөздің хас шебері. БҰҰ Бас хатшысының бұрынғы орынбасары Сергей Орджоникидзе Тоқаевтың дипломатиялық мәнері туралыТоқаев БҰҰ аясында жасанды интеллектіні жаһандық реттеу үшін «Вашингтон моделін» қолдануды ұсынды.
Миллион дрон және жаңа қолбасшылық
Жоба аясында ұшқышсыз ұшу аппараттарына ерекше назар аударылып отыр. Хегсеттің айтуынша, қарсыласқа топтасып соққы бере алатын бір миллионға жуық арзан дрон жасау көзделген.
Сонымен қатар, лазерлік технологиялар, биотехнология және жаңа кеңістіктерде, соның ішінде ғарыш пен Айдағы ықтимал қақтығыстарға дайындық мәселелері талқылануда.
Осыған байланысты Хегсет жаңадан автономды соғыс жүргізу қолбасшылығын — «Autonomous Warfare Command» (AUTOWARCOM) құрып жатыр. Оның жауапкершілік аймағына дрондар, робототехника, жасанды интеллект және дербес басқарылатын қару-жарақтар кіреді.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







