13 қазанда Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Таңертең көптеген өңірде тұман түсіп, батыста шаңды дауыл болуы ықтимал, – деп жазады Ertenmedia.kz.
«Қазгидромет» мәліметінше, елдің батысы мен оңтүстігінде күн жылы болады. Солтүстік пен шығыста ауа температурасы төмендеп, Петропавлда жаңбыр жауады. Ақтау, Шымкент және Түркістанда желдің екпіні күшейеді.
Астанада көшпелі бұлт шығып, жауын-шашын болмайды. Түнде ауа температурасы +2…+4 градус болса, күндіз +13…+15 градусқа жетеді. Желдің жылдамдығы секундына 3-8 метрді құрайды.
Алматыда күн ала бұлтты болғанымен, жауын-шашын күтілмейді. Түнде +10…+12, күндіз +20…+22 градус жылы болады. Қонаевта күндізгі температура +22…+24 градусқа дейін көтеріледі.
Оңтүстік пен батыста күн жылы болады
Шымкентте түнде +8…+10, күндіз +21…+23 градус болады. Жел секундына 15-20 метрге дейін күшеюі ықтимал. Түркістанда да екпінді жел соғып, күндіз +22…+24 градус тіркеледі.
Таразда жауын-шашын болмайды, күндіз +19…+21 градус күтіледі. Қызылордада күн ашық болып, ауа температурасы +24…+26 градусқа жетеді. Түнде сынап бағаны +9…+11 градусты көрсетеді.
Ақтауда күндіз +24…+26 градус жылы болады. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге, кей уақыттарда 23 метрге дейін жетуі мүмкін. Атырауда күн ашық болып, ауа температурасы +25…+27 градусқа көтеріледі.
Ақтөбеде күндіз +21…+23 градус, Оралда +22…+24 градус күтіледі. Екі қалада да жауын-шашын болжанбайды. Батыс өңірлердің жекелеген аумағында шаңды дауыл тұруы ықтимал.
Солтүстік пен шығыста күн салқындайды
Петропавлда бұлтты ауа райы сақталып, жаңбыр жауады. Түнде +4…+6, күндіз +12…+14 градус болады. Көкшетауда жауын-шашынсыз, күндіз +14…+16 градус күтіледі.
Қостанайда түнде ауа температурасы +1…+3 градусқа дейін төмендейді. Күндіз +18…+20 градус жылы болады. Павлодарда күндізгі температура +11…+13 градустан аспайды.
Қарағандыда түнде +2…+4, күндіз +13…+15 градус болжанды. Жезқазғанда күн жылырақ болып, сынап бағаны +18…+20 градусқа жетеді. Екі қалада да жауын-шашын болмайды.
Семейде күндіз +13…+15, Өскеменде +12…+14 градус күтіледі. Талдықорғанда түн салқын болып, температура +1…+3 градусқа дейін түседі, ал күндіз +20…+22 градусқа көтеріледі. Жүргізушілерге таңғы тұман кезінде жылдамдықты азайтып, арақашықтықты сақтау ұсынылады.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







