Ұлытау облысы Қаражал қаласының прокуратурасы Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетінің үйлестіруімен құны 2,5 млрд теңгені құрайтын темір-марганец кендерін өндіру жобасын іске асыруға кедергі келтірген әкімшілік тосқауылды жойып, құқығын қорғады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Кен орны және салық берешегінің ауыртпалығы
«Сарыарқа IRON» ЖШС Үлкен Қытай кен орнында инвестициялық жобаны жүзеге асырып жатыр. Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық сотының 2025 жылғы 5 қыркүйектегі шешімімен инвесторға жер учаскесі қайтарылып, жер қойнауын пайдалану келісімшарты қалпына келтірілді.
Алайда бұрынғы жер қойнауын пайдаланушының 23 млн теңге көлеміндегі салық берешегіне байланысты туындаған ауыртпалық салдарынан жер учаскесін толық рәсімдеу мүмкін болмаған. Бұл ретте атап өту керек, инвестордың аталған міндеттемелерге қатысы жоқ және ол басқа заңды тұлғаның берешегі үшін жауапты емес.
Инвестор құқығының қорғалуы
Сондықтан прокурорлық қадағалау акті бойынша заңсыз ауыртпалық алынып, инвестордың құқығы қорғалды. Жобаны іске асыруға кедергі болған мәселелер шешілді.
Прокуратура органдары инвесторлардың құқығын қорғау және инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуына кедергі келтіретін әкімшілік тосқауылдарды жою бағытындағы жұмыстарды жалғастырады.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







