Бишімбаев ісінде Нүкеновтердің мүддесін қорғаған адвокат Дамир Ишмаметов әлеуметтік желіде Марат Әйтенов пен Дана Әтешованың жағдайына қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
Оның сөзінше, оқиғаға қатысқан полицейлерге қатысты да тексеріс жүргізіледі.
«Марат Әйтенов ӘҚБтК-нің 73-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс жүргізуді қамтамасыз ету үшін уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сонымен қатар, ҚР ҚК 108-1-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды, яғни бұл денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтірілген.
Әрине, біз мұнымен тоқтап қалмаймыз, өйткені Марат Әйтеновтың іс-әрекеттерінде полициядан кінәліні жауапқа тартуды талап ететін бірқатар қылмыстық әрекеттер бар деп санаймыз! Дана Әтешованы ұрып-соғып жатқан кезде бірқатар полиция қызметкері қарап тұрғаны таңғалдырады. Олар ️әйелдің бұл тәртіпсіздікті тоқтатуды сұраған өтінішіне жеке сот орындаушыларын қорғауға шақырылғанын айтқан. Бір инспектор баланы көтеріп, көшеге шығарып, осылайша жеке сот орындаушыларына көмектескен.
Бүгінде полицейлерге қатысты қызметтік тергеу жүріп жатыр, олар біз қылмыстық іс қозғағанға дейін ішкі істер органдарынан кетеді деп үміттенемін», — деп жазды ол.
Бұған дейін Шымкенттің экс-әкімінің ағасы Марат Әйтенов 5 тәулікке қамауға алынғаны белгілі болды.
Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ӘҚБтК-нің 73 – бабының 1-бөлігі бойынша құқық бұзушыға қатысты іс қаралды.