Бүгін Орталық сайлау комиссиясы «Әділет» партиясының Құрылтай депутаттарының сайлауына арналған партиялық тізімін ресми түрде тіркеді, – деп жазады Ertenmedia.kz.
Партия ұсынған тізімге барлығы 186 кандидат енді. Олардың қатарында заңгерлер, ғалымдар, кәсіпкерлер, сондай-ақ білім беру, денсаулық сақтау, цифрландыру, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, мәдениет және қоғамдық сала өкілдері бар. Кандидаттардың орташа жасы – 45.
Естеріңізге сала кетейік, жалпы, бірпалаталы парламент құру идеясы алғаш рет Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында жария етілді. «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты құжатта Президент парламенттік жүйені жаңғырту қажеттігіне тоқталды.
Мемлекет басшысы бұл мәселенің еліміздің саяси күн тәртібінде ұзақ жылдан бері талқыланып келе жатқанын айтып, депутаттарды партиялық тізім негізінде сайлау демократиялық мемлекеттердің басым бөлігінде қолданылатын тәжірибе екенін жеткізді.

Осы бастаманың заңнамалық негізі 2026 жылғы 5 маусымда қаланды. Сол күні Президент «Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңға қол қойды.
Құжатта Құрылтайдың қызметін ұйымдастыру қағидалары, заң шығару рәсімі, депутаттардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ мемлекеттік билік жүйесіндегі орны нақты көрсетілді. Бұдан бөлек, Құрылтайға жоғары лауазымды тұлғаларды тағайындауға келісім беру, Жоғарғы Сот судьяларын сайлау және қызметтен босату, Президент сайлауын
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







