Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Алматы облысы Үлкен ауылында атом электр станциясының (АЭС) құрылысы басталғаны туралы ақпарат тарады, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
Әкімдік мәліметінше, бейнероликте Google Maps онлайн сервисі арқылы құрылыс нысандары көрсетілген, ал бұл нысандардың атом электр станциясы екені шындыққа жанаспайды.
«Бейнежазбада көрсетілген нысан – 2011 жылы Балқаш жылу электр орталығы (ЖЭС) құрылысы жобасын жүзеге асыру кезінде салынған инфрақұрылым. Жоба көмірмен жұмыс істейтін жылу электр станциясының құрылысын қамтыды. Жоба аясында тиісті инфрақұрылымның, соның ішінде жұмысшыларға арналған кенттің құрылысы басталды. 2014 жылы «Балқаш жылу электр орталығы» жобасын жүзеге асыру тоқтатылды.
МЫНАНЫ ДА ОҚИ КЕТІҢІЗБалабақшаларда тәулік бойы аудиожазба жүргізу және бақылауды күшейту ұсынылдыКлассикалық оқу орнынан зерттеу хабына: ҚазҰУ-дың ғылыми экожүйесі қалай трансформацияланды?5 мыңнан аса оқырманы бар анонимді аккаунттар мемлекеттік есепке алынадыОнлайн сервистің картографиялық деректеріне түзетулер енгізу және жалған ақпараттың одан әрі тарауына жол бермеу үшін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне өтінім жіберілді», – деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, АЭС бойынша референдум 6 қазанда өтеді.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







