Қазақстанда шетелдіктер үшін ықтиярхат алудың талаптары күшейтілді: енді тіпті әкімшілік айыппұлдардың өзі рұқсат бермеуге негіз болуы мүмкін, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Жаңа тәртіп бойынша, бірнеше рет жол ережесін бұзу немесе өзге де әкімшілік айыппұлдар, қылмыстық теріс қылықтар ықтиярхат алуға кедергі келтіреді. Мұны билік өкілдері «заңға бағыну қағидаты» деп түсіндіреді.
Бұған қоса, ықтиярхат алуға үміткерлердің қаржылық тұрақтылығы мен қоғамға араласу деңгейіне де қатаң талаптар енгізілді.
Сонымен қатар, бұзушылықтарды бақылау үшін жасанды интеллекті бар цифрлық жүйелер іске қосылады.
Үкімет басшысы Олжас Бектенов шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартатын компанияларды да сынға алды. Оның айтуынша, қазір кейбір жұмыс берушілер үшін заңсыз мигранттарға айыппұл төлеу – оларды заңды түрде рәсімдеуден арзанға түсіп отыр. Үкімет осы мәселені де қайта қарауды жоспарлап отыр.
Қазақстанда 2026 жылғы 19 сәуірден бастап валюталық бақылау талаптары күшейтілді. Ұлттық банк валюталық операцияларды мониторингтеу ережелерін жаңартты.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

