Мәдениет және ақпарат министрлігі продюсер Баян Алагөзованың қолына «Қыз Жібек» фильміне қатысты камзолдың қалай түскенін анықтап жатыр, деп жазады Ertenmedia.kz.
Бұған дейін Баян Алагөзова желіде қызғылт түсті камзол киіп түскен видеосын жариялаған еді. Ол киім актриса Меруерт Өтекешоваға тиесілі болғанын және әйгілі «Қыз Жібек» картинасында пайдаланылғанын айтқан. Продюсердің сөзінше, аталған бұйым музейлік жәдігер саналады және қазір оның үйінде сақтаулы тұр.
Министрлік мәліметіне қарағанда, «Қазақфильм» киностудиясының музей қорында осы фильмнен қалған бір түпнұсқа камзол бар. Ол ұлттық кино мұрасының маңызды нысаны ретінде қорғалып отыр.
Ал Баян Алагөзова жариялаған екінші камзолдың жеке адамның қолына қалай өткені қазір арнайы тексеріліп жатыр. Ведомство осы жайттың мән-жайын анықтауға кіріскен.
Министрлік «Қазақфильмнің» отандық кинода қолданылған реквизиттерді, костюмдерді және өзге де құнды бұйымдарды тұрақты түрде жинап, қалпына келтіріп, болашақ ұрпаққа сақтауға күш салып отырғанын да еске салды.
Сонымен бірге киностудия жанынан Қазақстан киносының тарихына қатысты сирек жәдігерлер қойылатын заманауи музей ашу жоспарда бар. Ол кеңістік ұлттық кино қорын көпшілікке кеңінен таныстыруға арналмақ.
Украинадағы Каменское қаласында тұрған Нұрсұлтан Назарбаевтың барельефін алып тастаудан бас тартты.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

