Алматыда Наурызбай ауданындағы Қарғалы өзенінің жағалауын абаттандыру ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталады. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Наурызбай ауданының тұрғындарымен кездесу барысында мәлімдеді — деп хабарлайды, Алматы әкімдігінің баспасөз-қызметі.
Абаттандыру селден қорғау бөгетінен Жандосов көшесіне дейінгі ұзындығы 7,7 км учаскені қамтиды. Жұмыстар аясында өзен арнасын тазалау, жаяу жүргіншілер аймағын жайластыру, сыртқы жарықтандыру желілерін орнату, суару жүйесін салу, 6 көпір өткелі, балалар ойын және спорт алаңдары, көше жиһаздарын орнату көзделген.
Сондай-ақ, 3 мың жапырақты және қылқан жапырақты ағаштар отырғызылады.
Жобаның маңызды бөлігі-балалар мен спорт алаңдары, жаяу жүру жолдары және өзен жағасында демалу мүмкіндігі бар жаңа қоғамдық кеңістік құру. Балаларға арналған құмсалғыштар мен су аймақтарын, сондай-ақ орындықтары мен үстелдері бар ата-аналарға арналған демалыс аймақтарын құру жоспарлануда.
Тротуарды жабының жоспарланған алаңы 3,7 мың шаршы метрді құрайды, тұрақ алаңы – 2 мың шаршы метрден астам, көгалдандыру-3,8 гектардан астам. Келушілердің жайлылығы үшін 135 орындық пен урна орнату жоспарлануда.