Ақмола облысының прокурорлары мектепке дейінгі білім беру ұйымынан бюджет қаражатын жымқыру дерегін анықтады, — деп хабарлайды ErtenMedia.
Жақсы ауданы прокуратурасы «Болашақ» балабақшасының қызметіне тексеріс жүргізген.
Тексеріс нәтижесінде балабақша есепшісі қызмет және тауарларға арналған 9 млн тенгені өз шотына аудару арқылы бюджет қаражатын жымқырғаны анықталды.
МЫНАНЫ ДА ОҚИ КЕТІҢІЗ
Үкімет 1,5 мыңға жуық апатты үйді бұзуды жоспарлап отыр«Есік ашқанына 500 мың»: баспана нарығындағы делдалдар қашан тәртіпке келеді?Шыңғыс Құлахметов медицина саласындағы цифрлық өзгерістер туралы айтты«Бұл дерек бойынша аудан прокуратурасы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастап, одан әрі тергеуді экономикалық тергеп-тексеру департаментіне тапсырды», — деп жазылған хабарламада..
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







