Мәліметке сүйенсек, Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы бұл оқиғаға қатысты пікір білдіруден бас тартты, олар тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын айтқан.
«Ақтөбе облысы полициясы перзентханада жаңа туған нәрестенің сатылу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Барлық мән-жай мен қатысы бар адамдарды анықтау үшін қажет тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», – деді Tengrinews.kz тілшісіне өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.