Қазақстанда шағын және орта бизнес (ШОБ) стресс жағдайында жұмыс істеп жатыр. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев бюджет талқылауы кезінде осылай деп мәлімдеді, деп жазады Ertenmedia.kz.
Әшімбаевтың айтуынша, қазір үкімет экономиканың өсуіне квазимемлекеттік сектор арқылы қол жеткізуді көздеп отыр. Бірақ бұл тәсіл жеке секторды көптеген саладан ығыстырып, бәсекелестікті төмендетіп жатыр.
«Мемлекеттік компаниялар қаржымен толтырылған сайын аппарат та ұлғаяды, жобалар көбейеді. Бұл жеке секторды ығыстыруға алып келеді. Қазір кәсіпкерлер осы мәселені жиі көтеріп жүр», – деді сенат спикері.
Оның пікірінше, жоғары пайыздық мөлшерлеме мен салық реформасы ШОБ-ты қиын жағдайға түсірген. Сондай-ақ елде жекешелендіру қарқыны бәсеңдеп, керісінше, квазимемлекеттік сектордың бюджеттен қаржыландырылуы артқан.
Сенат төрағасы үкіметке мемлекеттік сектордың алдағы даму бағытын нақты анықтап, жеке бизнесті қолдау шараларын күшейту қажеттігін атап өтті.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







