Елордада «Тең мүмкіндіктер» инклюзивті спорт фестивалі өтті. Жиынға Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев қатысып, балалар мен жаттықтырушыларға қолдау білдірді.
Автор: Нұрлан Жұмахан
Шығыс Қазақстандағы Зайсан және Катонқарағай әуежайларының құрылысы өңірдің көлік қолжетімділігін жақсартып, туризм мен экономиканы дамытуға серпін береді.
Nvidia жасанды интеллект экожүйесін демеп, 230 миллиард долларлық міндеттемелер арқылы саланың бейресми орталық банкіне айналды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа кезекті Жолдауын жариялап, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен ауқымды «Халықтық құрылыс» жобасын жариялады.
Елордадағы Qazaq Creative Hub орталығында 24-25 қазан күндері Шымкент қаласының креативті жәрмеңкесі өтті. Екі күндік іс-шара Creative Aimaq жобасы аясында ұйымдастырылды, – деп жазады Ertenmedia.kz. Жәрмеңкеге қолөнершілер, дизайнерлер, өнер өкілдері және инновациялық жоба әзірлеушілер қатысты. Олар елорда тұрғындарына Шымкенттің шығармашылық және технологиялық әлеуетін таныстырды. Салтанатты ашылуда оңтүстік өңірдің ұлттық өнерін дәріптеп жүрген «Қаратау» музыкалық ансамблі өнер көрсетті. Жұмат Шанин атындағы қазақ драма театры «О, қала!» әдеби-музыкалық қойылымын сахналады. Қойылым Шәмші Қалдаяқов пен Ержан Серікбаевтың шығармашылығына арналды. Театр ұжымы спектакльді Республика күніне арналған екінші күнгі бағдарламада да көрермен назарына ұсынды. Жәрмеңкеде ұлттық киімдер, авторлық әшекейлер, кілемдер және қолөнер бұйымдары қойылды. Келушілер…
Шымкенттегі «Астана» алаңында Республика күніне арналған мерекелік концерт өтті. Екі күнге созылған мәдени бағдарламаның қорытынды кешіне қала тұрғындары мен қонақтары жиналды, – деп жазады Ertenmedia.kz. Сахнада отандық эстрада жұлдыздары мен жергілікті өнерпаздар өнер көрсетті. Олар көпшілікке танымал әндерін орындап, көрерменге мерекелік көңіл күй сыйлады. Концертке Жұбаныш Жексенұлы, Нұржан Керменбаев, Мәдина Сәдуақасова және Дастан Оразбеков қатысты. Сонымен қатар бірқатар танымал әнші мен Шымкенттің шығармашылық ұжымдары өнерін ұсынды. Қала әкімдігі ұйымдастырған ауқымды мәдени іс-шара ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталды. Концерт арқылы ел бірлігі, тәуелсіздік және ұлттық мерекенің тарихи маңызы насихатталды. Республика күні – ел тарихын бағамдап, мемлекеттің болашағына жауапкершілікпен қарауға үндейтін мереке. Ол…
Шымкенттегі «Астана» алаңында Республика күніне арналған мерекелік концерт өтті. Қала тұрғындары мен қонақтарын бір жерге жинаған халықтық думан елдік рух пен ортақ қуаныштың үлкен мерекесіне айналды, – деп жазады Ertenmedia.kz. Ашық аспан астындағы концертке жиналған жұртқа жергілікті шығармашылық ұжымдар өнер көрсетті. Сахнада ұлттық әндер, заманауи туындылар және патриоттық шығармалар шырқалды. Көрермендер сүйікті әншілерін бірге қолдап, мерекелік көңіл күйді бөлісті. Кештің басты қонақтары қатарында Маржан Арапбаева, Қайрат Түнтеков және Әділет Жауғашар болды. Сондай-ақ Сырым Исабаев, Заттыбек Көпбосынұлы мен Еркеш Хасен сахнаға шығып, көпшілікке танымал әндерін орындады. Өнерпаздардың әрбір әні алаңға жиналған жұрттың ыстық ықыласына бөленді. Шымкент қаласының әкімдігі ұйымдастырған концерттің негізгі…
Павлодар қаласында ұлттық мереке – Республика күніне орай «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында ұйымдастырылған ауқымды патриоттық интеллектуалды квиз ойыны өтті. Жүзден астам белсенді жастың басын қосқан танымдық дода өскелең ұрпақтың тарихи танымын кеңейтіп, олардың бойындағы құқықтық мәдениет пен азаматтық жауапкершілікті шыңдауға арналды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Зияткерлік жарыс «Заң мен Тәртіп – Адал азамат» ұранымен ұйымдастырылды. Сайыс алаңына өңірдегі жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттері, жастар ұйымдарының өкілдері және қоғамдық өмірде белсенділік танытып жүрген жас мамандар жиналды. Қатысушылар жеребе арқылы бірнеше топқа бөлініп, елдің өткені мен бүгініне, мемлекеттік құрылым мен ұлттық құндылықтарға, Конституция негіздері мен заң нормаларына қатысты сұрақтар бойынша өзара…
Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлерінде 23 қазанда қар жауып, көктайғақ болуы ықтимал. Бірқатар қалада екпінді жел күшейіп, түнгі температура нөлден төмен түседі, – деп жазады Ertenmedia.kz. «Қазгидромет» болжамынша, Астанада жауын-шашын болмайды. Түнде ауа температурасы 2-4 градус аяз, күндіз 0-2 градус жылы болады. Желдің жылдамдығы секундына 7-12 метрге жетеді. Алматыда көшпелі бұлт шығып, жауын-шашын күтілмейді. Түнде 0-2, күндіз 8-10 градус жылы болады. Жел секундына 13 метрге дейін күшеюі мүмкін. Шымкентте күндіз ауа температурасы 16-18 градусқа дейін көтеріледі. Қалада жауын жаумайды, алайда жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Түркістанда күндіз 15-17 градус жылы болғанымен, түнде топырақ бетінде үсік жүреді. Павлодарда жаңбыр мен…
В северных и восточных регионах Казахстана 23 октября возможны снег и гололед. В нескольких городах усилится ветер, а ночная температура опустится ниже нуля, – сообщает Ertenmedia.kz. По прогнозу «Казгидромета», в Астане осадков не ожидается. Ночью температура воздуха составит 2-4 градуса мороза, днем будет 0-2 градуса тепла. Скорость ветра достигнет 7-12 метров в секунду. В Алматы ожидается переменная облачность без осадков. Ночью столбики термометров покажут 0-2, днем 8-10 градусов тепла. Порывы ветра могут достигать 13 метров в секунду. В Шымкенте днем воздух прогреется до 16-18 градусов. Осадков не ожидается, однако порывы ветра достигнут 15-20 метров в секунду. В Туркестане днем будет…









