Шымкентте мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алуға мүмкіндік беретін жаңа форматтағы AI-кеңсе ашылды. Еліміздегі бесінші цифрлық кеңсе тұрғындардың уақытын үнемдеп, электрондық сервистерді күнделікті қолданысқа жақындатуға бағытталған, – деп жазады Ertenmedia.kz. Жаңа кеңсенің салтанатты ашылуына Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков пен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев қатысты. Жоба мемлекеттік қызмет көрсету үдерісін жеңілдетіп, тұрғындардың цифрлық сауаттылығын арттыруды көздейді. Кеңістік әр жастағы азаматтың қажеттілігі ескеріліп жабдықталған. AI-кеңседе экспресс-қызмет көрсету, цифрлық, сараптамалық және оқыту аймақтары жұмыс істейді. Келушілерге арналған демалыс орны да қарастырылған. Азаматтар моноблоктарды, жоғары жылдамдықты сканерлерді және eGov GPT сервисі орнатылған ақпараттық экрандарды пайдалана алады. Кеңседегі басты жаңалықтың…
Автор: Нұрлан Жұмахан
Қазақстанда тұмауға қарсы вакциналау науқаны белгіленген мерзімде басталмады. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, препараттың алғашқы партиясы өңірлерге қазан айының басында жеткізіледі, – деп жазады Ertenmedia.kz. Бас мемлекеттік санитар дәрігер Сархат Бейсенова тамызда тұмауға қарсы иммундау науқанын 15 қыркүйектен бастау туралы қаулыға қол қойған еді. Алайда белгіленген күннен кейін емханаларға барған тұрғындар вакцинаның жоқ екенін білген. Кейбір медициналық ұйымдарда екпені ақылы негізде де алу мүмкін болмай отыр. Тұмауға қарсы екпе бірінші кезекте инфекцияны жұқтыру қаупі жоғары азаматтарға арналған. Олардың қатарына созылмалы ауруы бар адамдар, жүкті әйелдер, мектеп оқушылары, кішкентай балалар мен егде жастағы тұрғындар кіреді. Жабық мекемелерде және арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету…
АҚШ-тың Еуропадағы әскери күшін қысқарту мүмкіндігі Вашингтонның НАТО-дан кету жоспары ретінде қабылданбауға тиіс. Саяси сарапшы Тимур Сейітмұратовтың ойынша, Америка Еуропаны тастап жатқан жоқ, керісінше одақтастарын өз қауіпсіздігі үшін көбірек жауапкершілік алуға итермелеп отыр, – деп жазады Ertenmedia.kz. Тимур Сейітмұратовтың айтуынша, Еуропа ондаған жыл бойы АҚШ-тың әскери қуатына арқа сүйеп келді. Қырғи-қабақ соғыс аяқталғаннан кейін көптеген мемлекет қорғаныс шығынын қысқартып, әлеуметтік бағдарламалар мен экономикалық жайлылыққа басымдық берді. Қазір қалыптасқан геосаяси жағдай сол кезеңнің аяқталғанын аңғартып отыр. Сарапшы NBC жариялаған мақаладағы мәліметтерге назар аударды. Онда Пентагон Еуропадан 25 мың немесе одан да көп америкалық әскери қызметшіні, сондай-ақ авиация, кеме және қару-жарақтың бір…
23 қыркүйекте Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болмайды. Оңтүстікте шаңды дауыл тұрып, шығыс өңірлерде найзағай ойнауы мүмкін, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz. «Қазгидромет» мәліметінше, Астанада көшпелі бұлт шығып, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге жетеді. Түнде 5-7, күндіз 19-21 градус жылы болады. Алматыда да жауын-шашын күтілмейді. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 25-27 градус жылы болады. Қонаев пен Талдықорғанда күндізгі температура 26-29 градус аралығында болжанып отыр. Шымкент пен Таразда күндіз 28-30 градус жылы болады. Түркістанда ауа температурасы 31 градусқа дейін көтеріліп, желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетуі ықтимал. Қызылордада жауын-шашынсыз, ашық ауа райы сақталады. Ең жоғары температура батыс өңірлерде тіркеледі.…
Қазақстан трассаларында түнгі уақытта жүргізушіге бағыт көрсететін лазерлік құрылғылар мен орташа жылдамдықты өлшейтін камералар көбейеді. Жаңа технологиялар енгізілген жолдарда адам өлімі 33 пайызға азайған, — деп жазады Ertenmedia.kz. Қазір еліміздегі автомобиль жолдарының 22 учаскесінде 56 лазерлік құрылғы жұмыс істеп тұр. Олар түнде және ауа райы күрт нашарлаған кезде жол қозғалысының бағытын көрсетеді. Мұндай жүйе әсіресе боран, тұман және жауын кезінде жүргізушінің жолдан шығып кету қаупін төмендетуге арналған. Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Үкімет отырысында жобаны кеңейту жоспарын таныстырды. 2026 жылдың соңына дейін республиканың 20 жол учаскесіне тағы 48 лазерлік кешен орнатылмақ. Осылайша елдегі құрылғылардың жалпы саны 104-ке жетеді. Министрлік орташа…
Қазақ ешкімнен ақыл-ойы немесе қарым-қабілет жағынан кем туған жоқ. Алайда сол әлеуетті үздіксіз біліммен толықтырмай, заман бәсекесінде алға шығу қиын екенін журналист Алмат Әбдіраманның ой-толғауы аңғартады, – деп жазады Ertenmedia.kz. Алмат Әбдіраманның айтуынша, мәселе ұлттың қабілетінде емес, оны қалай пайдаланатынында жатыр. Әлем өзгерген сайын адам да оқып, үйреніп, білімін жаңартып отыруы қажет. Кешегі жетістік бүгінгі бәсекенің талабына толық жауап бере бермейді. Журналист бұл ойдың негізін Абайдың жиырма бесінші қара сөзінен іздейді. Хәкім өз дәуірінде жұртты заманның озық ғылымын меңгеруге, дүниенің пайдалы білімін үйренуге үндеген. Оның ойынша, Абай айтқан талап қазір бұрынғыдан да өзекті. Бүгінде әлемнің кез келген кітабы мен ғылыми…
Қазақстанда жол ережесін жиі әрі өрескел бұзатын жүргізушілерге қарсы балдық жүйе енгізілмек. Бір жыл ішінде 20 балл жинаған азаматтың жүргізуші куәлігінің қолданысы бір жылға тоқтатылуы мүмкін, — деп жазады Ertenmedia.kz. Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің айтуынша, әр құқық бұзушылық оның ауырлығына қарай бағаланады. Жүргізушіге әрбір ереже бұзғаны үшін 1-3 балл есептеу қарастырылып отыр. Нақты тәртіп әлі талқылануда. «Қазір айыппұлдарды елемейтін қасақана құқық бұзушылар бар. Олармен күресу үшін балдық жүйе енгізу мәселесін пысықтап жатырмыз. Бірнеше рет және өрескел заң бұзғаны үшін жүргізуші куәлігінің қолданысын бір жылға тоқтату көзделеді», — деді министр Үкімет отырысында. Балдарды есептеу кезінде Бас прокуратураның Әкімшілік өндірістердің бірыңғай…
Адал еңбектің салмағы кейде бір адамның ғұмырымен, кейде тұтас әулеттің ғасырларға жалғасқан жолымен өлшенеді. Абай облысының әкімі Берік Уәли «Еңбек жолы» конкурсының өңірлік кезеңінде үздік атанған еңбек әулетін, тәлімгерді және жас маманды марапаттады, — деп жазады Ertenmedia.kz. Салтанатты жиынға конкурсқа қатысушылар, еңбек әулеттерінің өкілдері, түрлі сала мамандары мен жас қызметкерлер қатысты. Байқау кәсіби шеберлікті, мамандыққа адалдықты және ұрпақтар сабақтастығын дәріптеуге арналды. Жеңімпаздар үш номинация бойынша анықталды. Биыл Абай облысында конкурсқа өтінім қабылдау 21 сәуірден 1 тамызға дейін жүргізілді. Өңірдің түрлі саласында еңбек ететін азаматтардан барлығы 24 өтінім түсті. Конкурстық комиссия ұсынылған материалдарды саралап, әр бағыттың үздіктерін таңдады. Байқау «Үздік еңбек…
Ат үстінде жүріп құрлықтарды жалғаған түркі әлемінің тарихын жылқысыз елестету қиын. Алматыдағы Ғылым ордасында өткен халықаралық конференцияда ғалымдар салт аттылықтың әскери тәжірибеден тұтас өркениеттік құбылысқа дейінгі даму жолын талдады, — деп жазады Ertenmedia.kz. «Орта ғасырлардағы түркі мәдениетіндегі салт аттылық феномені» атты халықаралық ғылыми конференция 2026 жылғы 21-22 қыркүйекте ұйымдастырылды. Екі күндік жиынға түркі халықтарының тарихын, дәстүрін және мәдени мұрасын зерттеп жүрген отандық және шетелдік мамандар қатысты. Басқосу ортағасырлық ат мәдениетін жаңа ғылыми пайыммен зерделейтін кәсіби алаңға айналды. Конференцияның негізгі мақсаты жылқы мен салт аттылықтың түркі өркениетіндегі орнын кешенді зерттеуге бағытталды. Ғалымдар ат мәдениетінің әскери жүйеге, қоғамдық өмірге, билік қатынастарына және…
Алматыдағы Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында «Ақиқат» ұлттық қоғамдық-саяси журналының 105 жылдығына арналған «Заман мен зиялы мінбері» ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Ғасырдан астам уақыт бойы елдің қоғамдық ойы мен рухани өмірінің шежіресін қалыптастырған басылымның мерейтойы аясында оның тарихы, бүгінгі бағыты және цифрлық дәуірдегі жаңа міндеттері талқыланды, — деп жазады Ertenmedia.kz. Салтанатты жиын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатынан басталды. Президенттің лебізін оның кеңесшісі Мәлік Отарбаев оқып берді. Құттықтауда дәстүрлі баспасөз сапалы сараптама мен жауапты журналистиканың негізгі тіректерінің бірі болып қала беретіні айтылған. Мемлекет басшысы «Ақиқаттың» 105 жылдығын тұтас ұлт руханиятының тағылымды шежіресі әрі өнегелі басылымның бірегей жылнамасы деп бағалады. Журнал беттерінде Мұхтар…










